ҚазҰУ-дың 85 жылдығына орай 85 шара өткізілуде

ҚазҰУ-дың 85 жылдығына орай 85 шара өткізілуде

Биылғы 2019 жылы мемлекетіміздің бас ЖОО бірі де, бірегейі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85 жылдығымен тарихта қалары анық.

85 жылдық тарихы бар қара шаңырағымызды бүгінгі таңда көптеген зиялы азаматтар білім алып, мемлекетіміздің түкпір-түкпірінде елімізге зор қызмет етіп жатқаны белгілі. ТМД және Шет мемлекеттерде еңбек етіп жүргендері де жетерлік.

Бүгінгі таңда университетіміз келешекте білімді азаматтар мен білікті маман даярлауда үлкен істер атқарып жатыр. Білім мен қатар елімізге, қоғамға тәрбиелі де саналы азаматтар тәрбиелеуде жүргізіп жатқан іс шаралар легі де жетерлік. Сонымен қоса университетімізде студенттермен қатар мектеп оқушыларына арналған түрлі жиындар мен конференциялар ұйымдастыруда да үлкен жұмыстар жүргізілуде.

Осы жылдың қаңтар айынан бастап түрлі шаралар мен жиында, ғылыми семинарлар республикалық, халықаралық дейгейде өз мәресіне жетуде.

Сәуір айында дәстүрлі Жас ғалымдардың  «Фараби оқулары» атты VI ғылыми конференциясы жайында, оған елімізден де, шетел студенттері мен магистранттары және жас ғалымдардың қатысуымен жылдан жылға талабы да, деңгейі де жоғарылап отырғанын айта кету керек. Артынан ең үздік баяндамалар ректордың арнайы тағаындаған сыйақыларымен марапатталды.

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының жанынан құрылған «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубының алтыншы жылқатарынан өткізіп келген және дәстүрге айналған «Ономастика – Қоғам – Уақыт» атты ғылыми-танымдық конференциясын атап өту керек. Биылғы жылы алтыншы рет өткелі тұрған конференцияға мемлекетіміздің түкпір-түкпірінен (мысалы, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының) мектеп оқушылары, студенттері мен магистранттары қатысып, өз өлкелеріндегі жалқы есімнің қолданысы, проблемалары мен жетістіктері жайында ой бөлісіп, бір-бірімен танысып, қарым-қатынас орнатып  келеді.

Осы жылға дейін республикалық деңгейде өткен жиынға өзге елдерден қызығушылық танытып, қатысуға ниет білдіруше жас мамандардың болуына байланысты биылғы жылы Халықаралық дейгейде өткізу жоспарлануда. Қатысушы жас ғалымдар Ресей (Мәскеу қ-сы), Қытай, АҚШ (Колифорния, Лос Анжелес) және өзге де елдердің студенттері мен магистранттары қатысты.

Үш бағыттағы -  1. Қазіргі кісі есімдерінің қалпы мен ерекшеліктері. 2. Жер-су атауларының  қоғамдағы қазіргі рөлі. 3. Жарнама тіліндегі жалқы есімдерінің қызметі бойынша қабылданған  мақалалардың ғылыми да, танымдық да рөлі айқындалып, қызу т алқылаудан өтті. Университетіміздің тарих, археология және этнология, география, жәрналистика, филология және әлем тілдері факультиеттерінің студенттері мен магистранттары баяндамаларында тарихи атаулар мен олардың тәрбиелік мәні, сонымен қатар қазіргі атаулардағы кемшіліктер мен ұлттық менталитетке қарсы тұстары да айтылды.

Ерекшелігінің тағы бірі – Назарбаев зияткерлік мектебі мен қатар 10-нан аса Алматы қаласының мектеп-гимназиялары, Алматы облысы мен Тараз қаласынан келген оқушылардың белсенділігі сарапшылар мен тыңдармандарды таңқалдырды.

Сонымен қатар Сүлейман Дерел университеті, Тараз иновациялық мемлекеттік университеті және МАБ, YAB университетінің студенттері, Қыздар мемлекеттік университетінің магист ранттары қатысты.

Конференция басында Алматы қалалық Тіл басқармасы, ономастика бөлімңінің меңгерушісі Өтепберген Қалабай, тарих, археология және этнология факультетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Қалыш Аманжол тақырып аясында өз баяндамаларымен ашты. Екі баяндаманың да қоғамға тікелей әсері мен құнды пікірлері қатысушылардың көңілінен шыққанды.

Конференция соңында қатысушы оқушылар, студенттер мен магистранттардың ой-пікірлері тыңдалып, өткен жиынға айтар сын-ескертпелері ескеріліп, келешекке жоспар да құрылды.

Бұл «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубының атқарған үлкен шарасының бірі келешекте ауқымы мен қатысушылары бұдан да артады деген үмітпен қатысушылар тарасты.

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ,
Теориялық және ядролық физикака кедрасының доценті, PhD доктор ТАУКЕНОВА А.С.,
Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының доценті, филол.ғ.к.,
МЕДЕТБЕКОВА П.Т.

О. Сансызбай