- Негізгі бет
- Білім ордалары
- ҚазҰУ Алғыс айту...
ҚазҰУ Алғыс айту күнін ерекше атап өтті (видео)
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынған болатын. Соған орай 2016 жылдың 1-наурызы елімізде тұңғыш рет «Алғыс айту» күні деп бекітілді. Елімізде «Алғыс айту» күні бірінші рет тойлануына байланысты, ҚазҰУ белсенділері өз кезегінде қолдауды жөн көріп, бұл күнді айрықша атап өтуді ұйғарған.
Олар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне өз алғыстарын білдіруді жөн көріп, осы мақсатта 2016 жылдың 1-наурызында Қарашаңырақта «Рақмет» сөзі бейнеленген флешмоб ұйымдастырды.
Басты мақсат - студенттер өздері қалаған еліміздегі жоғары оқу орынына түсіп, біліп алып жатқандықтарына және де озық білім мен тәрбие беріп отырған университет басшылығы мен оқытушыларға, ұстаздарға алғыстарын айту болды.
Сонымен қатар, Алатау баурайынан орын тепкен білім ордасында алаңсыз білім алып жатқандарын, жасыл желекке оранған қалашықта спорттың кез келген түрімен айналысып, жағдай жасалғанын, жайлы орында ұйқысы тыныш, көңілдері тоқ екендіктерін мақтанышпен айта келіп, студенттер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да барлық мүмкіндіктер қарастырылғанын алға тартып, қаланың ішіндегі қалашықта тыныстап жатқандықтары үшін алғыстарын айтты.
Студенттер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алып, осы білім ордасының түлегі атану - жарқын болашаққа деген нық қадамның айқын баспалдағы екенін дәлелдей білді.
Іс-шараны ұйымдастырушы ҚазҰУ-дың Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім және Жастар ұйымдары Комитеті мұндай шаралар мен жастарды бір-біріне жақындастыратын науқандарды өткізу керек, мұндай мерекелерді насихаттау керектігін айтып өтті.
Жолдаған: Дәметкен Абдуллаева
О. Сансызбай