Қазақстанның 14 университеті дамушы Еуропа елдері мен Орталық Азия елдерінің жоғарғы оқу орындары QS рейтингіне енді. Бұл тізімді британдық Quacquarelli Symonds компаниясы жасады.
Рейтинг мынадай факторлар бойынша жасақталады:
– академиялық репутация (өз саласындағы еңбегімен әлем назарын аударған ғалымдар саны);
– жұмыс берушілер сұранысы (түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші);
– студенттер саны (топтағы білім алуға оңтайлы студенттер саны);
– интернетке қол жетімділік;
– PhD қызметкерлері саны;
– сілтемелер жиілігі (ғылыми еңбектеріне әлемде жасалған сілтемелер).
Тізімге барлығы 22 елден 150 ЖОО кірген. Қазақстандық ЖОО қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (21-орын), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (33-орын), Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (54-орын), Қазақ-Британ техникалық университеті (63-орын), Қазақ ұлттық аграрлық университеті (67-орын) бар.
Дереккөз: tengrinews