Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарын анықтады. Рейтингте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көш бастап тұр. ҚР премьер-министрлігінің ресми сайты хабарлағандай, АРТА ұлттық рейтингіне енуге республиканың 75 ЖОО өтініш берген. 17 білім беру ұйымы өтінішті дұрыс толтырмағаны үшін рейтингке енбеген. Қалған 58-і рейтинг тізімінен табылды. Оның ішінде 6 ұлттық, 21 мемлекеттік, 7 акционерлік және 24 жеке меншік білім беру ұйымдары бар. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты Жолдауында жоғары оқу орындарының сапасы, білім беру мен дамуына баса мән берді. - Жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және үлкен деректермен жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек. Жоғары оқу орындары шетелдердің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен және трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруы қажет. Жоғары оқу орындарынабілім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олардыңакадемиялық еркіндігінзаңнамалық тұрғыдан бекіту керек. Оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салып, жоғары оқу орындарына шетелдік менеджерлерді тартып, әлемдік университеттердің кампустарын ашу қажет, - деген болатын. Жоғары оқу орындары арасындағы бәсекедегі артықшылықтарының бірі - білім беру қызметтерінің ұлттық және халықаралық нарықтардағы беделі. Бүгінгі таңда рейтингтер әлемдік білім беру нарығының негізгі барометрлерінің және әлеуметтік артықшылықтарды қалыптастыру құралдарының біріне айналды. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің ұлттық рейтингі қазақстандық жоғары оқу орындарына өздерінің ұстанымдарын айқындауға, білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалауға, ЖОО-ның жоғары сапалы жұмысына жәрдемдесуге және ең бастысы білім алушыларды көптеп тартуға және жұмыс берушілер үшін тартымдылықты кеңейтуге мүмкіндік береді. Жоғары оқу орындарының рейтингісін анықтау білім беру жүйесінің ажырамас құралы болып табылады және республика жұртшылығы арасында үлкен қызығушылық тудырады. 2014 жылдан бастап Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жүргізетін қазақстандық ЖОО-лар рейтингісі төмендегі талаптар бойынша сараланады: талантты студенттер, оқытушылар және зерттеушілерді тарту; студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық мобильділігі; түлектерді дайындау және жұмысқа орналастыру сапасы; ЖОО мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі; оқытушылардың, докторанттар мен магистранттардың ғылыми жарияланымдарының бәсекеге қабілеттілігі; Биылғы рейтингте алғашқы үштікті мамандарды даярлаудың білім беру бағдарламаларының әрбір бағыты бойынша максималды көрсеткіштерге қол жеткізген жоғары оқу орындары бастап тұр. Бірінші орынғаӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, екінші орынға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті орналасқан. Үздік үштікті М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті түйіндеп тұр. Орын ЖОО Ұпай 1 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 281 259 2 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 148 406 3 М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 69 770 4 С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіАкадемик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 45 799-43 642 5 Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 38 458 6 Қазақ ұлттық аграрлық университетіТұран университеті 32 238-31 403 7 Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіАбай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіҚазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіАлматы технологиялық университеті 27 775-26 583 8 С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіС. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіМ. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті 26 431-22 809 9 Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіАбылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіТ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 20 663-19 902 10 Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіАлматы энергетика және байланыс университетіҚорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 16 923-15 757 11 М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіОңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 15 024-14 996 12 І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіХалықаралық білім беру корпорациясыНархоз университетіҚұрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 13 920-12 271 13 С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетіҚазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетіС. Демирель атындағы университетМ. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 10 612-9038 14 Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіРудный индустриалды институтыСемей қаласының Мемлекеттік медицина университетіНұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті 8482-7062 15 Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетіСырдария университетіҚазақ технология және бизнес университетіШет тілдері және іскерлік мансап университетіҚазақ спорт және туризм академиясыА.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті 6880-5820 16 Каспий қоғамдық университетіБатыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетіЫ. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтыАлматы университетіҚазақстан инженерлік-технологиялық университетіТұран-Астана университеті 5196-4230 17 М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтыАлматы экономика және статистика академиясыЛ.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль және жол академиясы 3937-3674 18 Алматы басқару университетіҚазақстан-Ресей халықаралық университетіҚайнар академиясы 3050-2973 19 Инновациялық Еуразия университетіАзаматтық авиация академиясы 2299-1852 20 Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар достығы университетіМ. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетіАтырау мұнай және газ университеті 1771-1459