- Негізгі бет
- Білім ордалары
- Қара шаңырақтың берері...
Қара шаңырақтың берері көп
Қоғамда "оқыған" және "оқымаған" сөздерінің кеңінен таралып, күнделікті өмірде көп қолданысқа ие болуының өзіндік себебі тереңде екенін ажырата бермесіміз анық. Алайда, негізгі мағынасы білімді, мамандық иесі бола отырып, күнделікті қарымқатынас барысында көптеген кемшіліктер мен келіспеушіліктердің орын алуының салдарынан үлкен дау-дамайлар туындап жатары анық.
Айтпағымыз, бүгінгі таңда білім мен тәрбиені қатар қойып, бүгінгі ұрпақтарымыздың келешекте еліміздің ірге тасын қалаушы азаматы болуы үшін білім мен қатар тәрбиенің атқарар рөлі зор екенін ұғындыра отырып, санасына сіңіру маңызды факторлардың бірі.
Мемлекетіміздің қара шаңырағы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттердің "Ар-намыс кодексі" тәрбиелеу мен өз құқығын білу үшін арналған. Университет табалдырығын аттаған сәттен аталмыш кодекспен танысып, соның негізінде білім мен қатар тәрбиелік шаралар, жиындар арқылы саналарына сіңіріп, тәрбие мен маман иесі атанған көптеген түлектер бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет атқарып, өздері де жастарды тәрбиелеуде елеулі қызмет атқарып, өз үлестерін қосып жүргені белгілі.
Мемлекетіміздің ұсынған "Рухани жаңғыру", "Студент оқуға тиіс – 100 кітап", "Ұлы даланың жеті қыры", т.б. көптеген бағдарламалардың аясында биылғы 2018-19 оқу жылында Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы оқытушыларының студенттерді жұмылдыра отырып атқарған тәрбиелік шаралардың факультет, университет көлемінде ғана емес, қалалық деңгейде өтуінің арқасында студенттердің санасына көптеген жайттарды сіңіруге тырысты.
Жыл басынан бері еліміздің атаулы күндеріне орай мерекелік жиындармен қатар, қайырымдылық шаралар (№1 Балалар үйі, Ардагерлер үйі), факультет аралық жиындардың, қоғамдағы келеңсіз жайттардың жастарға әсері туралы тәрбиелік маңызы зор жиындарға қатысып, ұйымдастырып жүрген студенттеріміздің құлшынысы қуантарлық.
Кафедра, факультет, университет ұйымдастырған шаралар, ұйымдар мен бірлестіктер, клубтардың ("Мұрагер" еріктілер қозғалысы мен "Жерұйық" ономастиыкалық өлкетану, "Жас лингвист" клубы) мүшесі ретінде қалалық, республикалық деңгейде өткен шараларға қатысушы студенттеріміздің жетістіктері мақтанарлық.
"Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім", "Сұлулылық – қайырымдылықтан", "Бірлігі жарасқан жастармыз", "Кешегі оқушы – бүгінгі студентпіз", "Достыққа шектеу жоқ", "Қасиетті шаңырақтың жастары", "Тілін білу де, ділін біл", т.б. көптеген жастарға арналған жиындар арқылы тәрбие мақсаты арқылы мектеп, балалар үйі мен қарттар үйіндегі шараларды атап өтуге болады.
Аталған шаралар кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен және педагогикалық тәжірибеде мектептерде жүрген 1-4 курс студенттерінің кәсіптік бағдар беру шарасында жоғары деңгейде өз орнын тапты.
Оқу жылының соңына қарай студенттер "оқыған адам" ұғымының мағынасы тек білім алу ғана емес, сонымен қатар адам болып қалыптасудың мәні жоғары екенін: сабырлылық пен түсіністік, мейірімділік, қарапайымдылық арқылы қарым-қатынас пен достықтың өмірдегі құндылықтары жайында пікірлерімен бөлісіп, қорытындылады.
Студенттер үшін жоспарланған шаралар мен жиындар, кездесулер дәстүрге айналып, кафедра жанына құрылған клубтар жыл сайын түрлі тақырыпта ғылыми, танымдық, тәрбиелік мәні жоғары, жастарға арналған сайыстар мен конференциялар ұйымдастыру алдағы уақытта да жалғасын табары анық.
Қара шаңырақ – "л-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің жастарға берер тәрбиесі мен терең білімі көп және келешеуте күтер нәтижесі одан да зор.
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ,
Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері
кафедрасының оқытушылары:
ӘБІКЕНОВА Ж., МЕДЕТБЕКОВА П.Т., УТЕПОВА Б.Т.