- Негізгі бет
- Білім ордалары
- Франция Наполеон кезінде...
Франция Наполеон кезінде бекітілген білім жүйесін өзгертпек
Париж бен Францияның батыс аймақтарында білім беретін ұстаздар жоғары сынып оқушыларына тек жоғары баға қою арқылы ескі жүйені қалдыруды талап етіп жатқан көрінеді.
Франция президенті Эммануэль Макрон негізі 1808 жылы Наполеон кезінде бекітілген білім жүйесін модернизациялауды қолға алды. Енгізілген өзгерістерге сай, соңғы сынып оқушылары жоғары оқу орнына түсу үшін жаңа форматтағы емтиханнан өтеді. Ондағы тесттер саны азайтылып, сұрақтар жаңа тақырыптар мен мамандықтарға бағытталады. Президенттің айтуы бойынша, ескі жүйе оқушыларды жоғары оқу орнына қажет деңгейде дайындай алмайды және заманауи еңбек нарығында өз орнын табуға бағыт беруге қауқарлы емес. Ұстаздармен қоса оқушылар да бұл жүйеге қарсы шығып жатыр.
Десе де, директорлар кеңесі заман ағымына сай талпыныстарды қолдап, жаңа жүйені құп көріп отыр.
А. Оралқызы