ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кезекші сыныптарды енгізу қажеттігін түсіндірді.
"Дәстүрлі оқыту – бұл ақпарат пен білімді жалпы беру ғана емес, балалар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты білдіреді. Бұл белгілі бір мәдениет, бұл әлеуметтену мәселелерін де қамтиды. Ал қашықтан оқыту арқылы мұны үйрету өте қиын", - деді министр елордадағы №73 мектеп-лицейінде.
Сол себепті министр оқытудың аралас формасы таңдалғанын атап өтті.
"Күрделі жағдайға қарамастан, бастауыш сыныптар ата-анасының қалауымен кезекші сыныптарда оқи алады. 1-4 сыныптарда білім алушылардың 60% жуығы дәстүрлі режимде білім алады. Жалпы 7 мың мектептің 3 мыңға жуығы қалыпты режимде оқытылады. Түсінікті себептерге байланысты қашықтан оқытатын мектептер қиындықтарды еңсеріп, сапалы білім беруге қажетті жағдай жасауы қажет", - деді Асхат Аймағамбетов.