- Негізгі бет
- Білім ордалары
- Басқа елдерде мектеп...
Басқа елдерде мектеп бітіру кештері қалай өтеді?
"Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа". Әр ұлттың мәдениеті, жүріс-тұрысы, тағамдары бір-біріне ұқсамайды. Оқу жылының аяқталып келе жатқандығына орай, әр елдің мектеп бітіру кештеріндегі салт-дәстүрлері туралы сөз қозғаймыз.
Біздің елде "соңғы қоңырауға" байыппен қарап, тіпті сценарийлеріне дейін қарастырып қоюға тырысады. Бұл әурешіліктің негізі, әрине, мектептің оқушы үшін маңыздылығында жатыр. Себебі, мектепте алғашқы қоңырау, алғашқы кітап, алғашқы махаббат секілді оқиғаларды бастан кешіресің. Білім нәрімен сусындайсың. Бұның бәрі жүректе қалары анық.
Ал басқа мемлекеттер оқу жылын қалай аяқтайды? Жауап төменде.
Швеция. Мектеп бітіру кешін олар қарапайым таңғы астан бастайды. Тамақ мәзірінде құлпынай мен шампанның болулары шарт. Жас түлектер бастарына ақ түсті бөрік киеді. Түстің ақ болу себебі олар бөрікке естелік ретінде арман-тілектерін жазып қояды. Кеш аяқтауға таяғанда, оқушылар мектептен тысқары шығып бөріктерін аспанға ысқырата лақтырады екен.
Норвегия. Норвегиялықтар мектеп кешіне әзілқой, қызықты киім-кешек -тер мен шақыру қағаздарын дайындайды. Костюмдеріне, бірінші мамырға қараған түні, бір-бірлеріне ізгі тілектерін білдіріп хат жазады. Тойлаудың екінші кезеңі шоқындыру салты. Әр түлек қолдан жасалған ішімдіктерін алып келуі тиіс. Мектеп бітіру кеші қала орталығында өтіп, 17 күн бойы жалғасады.
АҚШ. Америкалықтар үшін мектеп бітіру кеші елеулі оқиға болып саналады. Жас түлектер қымбат автокөліктер мен киімдерді жалға алады. Қыз балалар кешкі көйлектерін киіп кештің сәнін келтіреді. Түлектер жұп құрып кеш аяқталғанша көңіл көтереді.
Польша. Бұл мемлекетте мектеп бітіру кеші мүлдем болмайды. Олар мектеп бітіруге 100 күн қалғанда балға ұқсас іс-шара ұйымдастыруды жөн көреді. Балды мектеп деректоры түлектердің бірімен жұптасып палонез биінен бастайды.
Куба. Мектеп кеші Кубада ресми түрде атап өтіледі. Мектеп директоры оқушыларды сапқа тұрғызып дипломдармен марапаттайды, жүрек-жарды тілектерін жеткізіп ақ жол тілейді. Ресми салтанаттан кейін жастар теңіз жағалауына жиналып, таң атқанша көңіл көтереді.
Франция. Мектеп бітіру кешін тойлауына рұқсат бермейді, себебі олардың пікірінше түлектер жыл сайын алма-кезек ауысып жатады екен. Бірақ кейбір мектептер емтиханға 100 күн қалғанда мерекелік кештер жасап тұрады.
Шотландия. Шотландықтардың жағдайы мүшкіл екен, өйткені көптеген түлектер мемлекеттік емтиханды сәтсіз бітіреді. Ал кеште бәріміз білетіндей қуаныш, шаттық болуы тиіс. Жақсы тапсырып шыққандары болса, кішігірім отырысқа ұқсас кештер ұйымдастырады.
Қытай. Қытай елінің қалалары мектеп кешінен кейін үлкен тазалықты талап етеді, себебі дәстүр бойынша түлектер мектеп жайлы еске түсіретін заттарын далаға лақтырып жіберу керек екен.
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет:altaynews.kz
Н. Нұрмаханұлы