Әлемнің үздік университеттерінен дәріс алуға мүмкіндік беретін 5 сайт

Әлемнің үздік университеттерінен дәріс алуға мүмкіндік беретін 5 сайт

Секунд сайын дамып жатқан әлемнің қарқынына ілесу үшін күнделікті жетіліп отыру аса маңызды. Қазіргінің жастары тек физикалық формасын ғана емес, сондай-ақ, миын да жетілдіруге міндетті. Өйткені, талап сондай. Таным көкжиегін үнемі арттырып жүруді әдетке айналдырғандар үшін арнайы топтастырылған әлемнің үздік университеттерінен дәріс алуға мүмкіндік беретін 5 сайтты біле жүріңіз.

HBX

HBX — Harvard Business School қашықтықта оқыту бағдарламасы. Әлемнің ең үздік университетінде осы сайт арқылы білім алу салыстырмалы түрде қолжетімді болды. Салыстырмалы түрде дейтін себебіміз, дәріс ақылы. Мысалы, кәсіпкерлік негіздеріне баулитын 12 апталық сабақ шамамен 1950 долларға шығады.

Flatiron School

XXI ғасырда бағдарламалау (программирование)  дәрісін өту аса маңызды. Техника дамыған заманда бағдарламалау өнері мен веб-жетілдіруді игерген мамандар үлкен сұранысқа ие. Жалақылары да ақылға сыймайды. Осы өнерді игерем деушілерге нью-йорктік Flatiron мектебі көмек береді.

Lynda

Диджитал-дәріс саласындағы ең алғашқы дереккөздің бірі осы сайт. Lynda алғашында онлайн-кітапхана және видеоқойма ретінде ашылған. Сондықтан, қажет еткен тақырыптың бәрі бар. Айлық бір төлем жасап қойсаңыз болғаны, барлық ақпаратты қолдануға мүмкіндік аласыз.

Skillshare

Аталмыш сайт каталогына қол жекізу үшін айына 8 доллар төлесеңіз жетіп жатыр. Онда Photoshop бағдарламасын қолдану сабақтарынан бастап, HTML мен копирайтинг дәрістері де бар. Бір жақсысы, бұл сайттағы ақпараттың айтарлықтай бөлігі тегін.  

Coursera

Cousera сайты туралы айтпай кету мүмкін емес. Өйткені, бұл ресурс TED білім көзінен кейін екінші орында тұрған танымдық сайт. Оны Стэнфорд университетінің профессорлары ашқан. Ішінде қамтылмаған тақырып жоқ.

А. Оралқызы