Әлемдік университетте оқытылатын кітаптар

Әлемдік университетте оқытылатын кітаптар
Фото: explorer.opensyllabusproject.org

Әлемдік ағылшын тілінде оқытылатын жоғары оқу орындарында қолданатын кітаптардың тізімі туралы ақпарат беретін The Open Syllabus жобасы жұмыс істейді.

Бұл білім жобасы 2016 жылы қаңтарда іске кірісті. Жоба әлемдегі ең атақты университеттердің білім қорымен бөліседі. Бұл өздігінен білім алып жүрген студенттер үшін өте тиімді.  

ч

Сайтқа 1,1 млн оқу бағдарламасына сараптама жасала отырып салынған кітаптар бар. Сайт – белгілі бір салада негізгі білімді қалыптастырамын деушілер үшін таптырмас көмекші құрылғы.

Бастысы өзіңіздің бағытыңызды дұрыс таңдасаңыз болды. Мәліметті енгізген бойда сайт ЖОО-дағы кітаптар тізімін береді. Кітаптарды оқу орнына сәйкес, ел, штатқа бөліп сұрыптауға болады.

Іске сәт, оқырман!

Т. Есқали