Әлемдегі ең қымбат университеттер қай жерде орналасқан және мұндай жоғары оқу орындары шынымен де жастарға жақсы білім бере ала ма?
Мұны білу үшін біз ең қымбат университеттерді, олардың орташа оқу ақысын және олардың студенттерге ұсына алатын артықшылықтары мен перспективаларын қарастырдық. Әлемдегі ең қымбат ЖОО-дың көпшілігі АҚШ-та орналасқан екен.
© smapse
Харви Мадд колледжі
Бұл оқу орны әлемдегі ең қымбат жоғары оқу орнының бірі. Колледж 1955 жылы құрылған және студенттерге жаратылыстану, IT және информатикадан білім береді. Бұдан бөлек бұл жердегі түлектер биология, фармацевтика және гендік инженерия бойынша мықты маман болады.
Жылына оқу ақысы шамамен 60 мың доллар. 300-ге тарта мұғалім сабақ береді. Әр жылы 1000 студент қана іріктеліп қабылданады. Кейінгі жылдары колледж әлемдегі үздік топ-5 жоғары оқу орындары тізімінен түспей келеді.
© smapse
Джонс Хопкинс университеті
Джонс Хопкинс-те оқу үшін жылына орта есеппен 70 000 доллар (54 мың оқу ақысы, 16 мың тұратын орын мен тамаққа) төлеу керек. Ол құлдыққа қарсы күрескен көпес Хопкинстің құрметіне аталған және 1876 жылы оның қамқорлығымен құрылған.
Университетте биоинженерия және ақпараттық технологиялар саласындағы білім беріледі, мұнда планетадағы ең жақсы IT қауіпсіздік факультеттерінің бірі жұмыс істейді. Дарынды студенттерге көмектесу үшін жан-жақты ойластырылған шәкіртақы жүйесі енгізілген, бұл оқу ақысының үлесін 70%-ға дейін төмендетеді.
© studylab
Колумбия университеті
Америкадағы ең көне университет – 1754 жылы Британ королі Джордж II-нің қамқорлығымен құрылған. Ол континенттегі магистр дәрежесін ұсынатын алғашқы университет.
Мұндағы орташа баға 60 000 долларды құрайды. Университет негізінен әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары, сондай-ақ экономика және бизнес-процестер бойынша әртүрлі білім береді. Жыл сайын 33 мың студент тәлім алады.
© wblog.wiki
Сара Лоуренс колледжі
Бұл оқу орны 1923 жылы әйелдердің әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында өсуіне мүмкіндік беру үшін құрылған.
Оқу ақысы жылына шамамен 60 мың доллар, бірақ студенттердің 75 пайызы Лоуренс стипендиясының иегерлері. Әртүрлі гранттар, ынталандырулар мен төлемдер оқу ақысын жылына 15,000-нан 20,000-ға дейін дейін төмендетуі мүмкін.
Басқа жерлер ше?
Ғаламшардағы ең қымбат университеттердің қатарында Ватерлоо университеті (27 мың долла), Йорк (22 мың доллар) және Батыс Тринити (22 мың доллар) сияқты канадалық университеттер бар.
Еуропада Оксфорд, Кембридж, Данди, Абердин және Англия мен Шотландиядағы Глазго университеттері көш бастап тұр. Айта кету керек, континенттегі білімге деген көзқарас басқаша – бұл университеттердің баға индексі АҚШ-қа қарағанда әлдеқайда төмен, ал шәкіртақылар әлдеқайда жоғары.