Магистратураға мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловтың айтуынша, биыл 9701 грант бөлінген. Бірінші айналымнан кейін қалған гранттар сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта бөлінді. Сонымен қатар, 3108 грант бюджетке қайтарылады.
Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімімен танысу үшін мына сілтемеге өтіңіз. Нәтижелерді сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан, @konkurs2019_bot Телеграм-боты арқылы білуге болады.
"Гранттарды компьютер бөледі. Сондықтан әрбір тізімдеме қолдан қайта тексерілді, ал бұл 12 мыңнан астам жазба. Өйткені, үміткерлердің құқығын Орталық алға қояды. Біз сарапшыларымыздың, соның ішінде Мұрат Әбеновтің ұсынымдарына сүйене отырып, гранттың санын емес, сапасын ойлауды ұйғардық. Себебі елге заңгерлер мен басқарушылар қажет емес...", - деп жазған Орталық басшысы.