- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Видеоойындардың әлемдегі ең...
Видеоойындардың әлемдегі ең үлкен топтамасы бәссаудаға шығарылды
Майкл – консольды ойындарға маманданған кәсіби ойыншы, топтама жинақтаушы (коллекционер) әрі Гиннесс рекордтар кітабына аты кірген рекордшы. Атақты кітапқа ол әлемдегі ең көп видеоойын топтамасын жинақтаған адам ретінде енді. Бүгінгі күнде дейін ол Dreamcast, Saturn, Virtual Boy және Lynx сияқты платформаларға арналған каталогтарды қосқанда 11 000 астам ойынды жинап үлгерген.
Майклдың сөзінше, ол өзінің жиған-тергенін қаржылық қиындықтарына байланысты сатуға мәжбүр болып отырған көрінеді.
Топтама бәссаудаға 1 доллар бастапқы бағамен сатылымға шыққан еді. Санаулы күндердің ішінде оның бағасы 50 000 долларға бір-ақ шарықтады. Бәссауда маусымның 15-іне дейін жалғасатын болады.
Алдын ала болжамдар бойынша, аталған топтаманың құны ай ортасына қарай 700 000 – 800 000 доллар бағаға дейін өсуі мүмкін.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: engadget.com
Б. Қосмағамбет