Видео ойындар жалғыз немесе достармен бірге бос уақытты көңілді өткізудің ең ұтымды әдісі ғана емес, өте табысты бизнес көзі болып та келеді. Newzoo сараптамалық агенттігі әлемнің қай елдерінде видео ойындар өте танымал және қай елдерде көп қызығушылықтың жоқ екенін анықтап көрді.
Сараптамалық зерттеу барысында табыстың көп келуіне қарай 100 ел саралап алынды. Ендеше осыған қатысты бірер қызық деректерді қарастырып көрейік.
Әрине, бірінші орыннан АҚШ ($20 миллиард) табылғаны ешкімді де таң қалдырмаса керек. Ал екінші орынды өзінің 17 миллиард АҚШ доллар табысымен Қытай иемденіпті. Үшінші орында жалпы табысы 12 миллиард соманы қамтып, жапондар келеді.
Тағы да бір қызық деректердің бірі, әлемдегі барлық геймерлердің саны 1 775 489 мыңға жеткен. Расында, көптеген адамдар ең болмағанда бір рет болса да видео ойындарды ойнап көреді. Сараптық көрсеткішке орай, күллі адам баласының төрттен бірі геймер болып табылады екен.
Аталған санатқа енетін ойындардың құрастырушыларына өз өнімдері жылына $80 миллион табыс алып келеді. Ал бұл сомалы көрсеткіш жылына 8 пайызға артып отырады. Ойын бизнесі расында ең табысты бизнес көзіне айналып үлгерген сыңайлы.
Сараптамалық нәтиженің толық ақпаратын агенттіктің ресми сайтынан қарауыңызға болады.