- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Үйіңізде салқындатқыш болмаса......
Үйіңізде салқындатқыш болмаса...
Үйіңізге ауа салқындатқышын (кондиционер) алып үлгермеген болсаңыз, қам жемеңіз. Ыстық күні жайлы ұйықтаудың түрлі амалдары бар.
1.Жатын бөмеңіздің есігін ашып қойыңыз.
Бөлмедегі ауа сақындау үшін, тазарып отыру керек. Егер бөлмеңіздің есігін жауып тастасаңыз ауа айналымы жүрмейді. Сондықтан ұйықтар алдында есігіңізді ашып қойыңыз.
2. Ауыр тамақ жемеңіз.
Күні бойы жеген асыңыз ұйқыңызға да әсер ететінін есіңізден шығармаңыз. Әсіресе, жазды күні артық тамақ жемеңіз. Мөлшерден тыс жесеңіз, денеңыз артық энергия жұмсайтын болады.
3. Жамылғышыңыз пен төсенішті мұздатқышта 15 минут ұстаңыз.
Сонымен бірге, орамалды немесе су толы бөтелкені салып қойыңыз. Кейін жатын орныңызға апарыңыз. Бөлмеңіз лезде салқындайды.
4. Салқын душ қабылдаңыз.
Тыныш ұйықтау үшін тәніңіздің температурасын орта мөлшерден сәл түсіруіңіз керек. Сол үшін салқын душ қабылдаңыз. Денеңізді салқындатуымен қатар, шаң мен терден арылып, теріңіз дұрыс демала бастайды.
5. Ұйқыдан бір сағат бұрын салқын сусындар ішіңіз.
Салқын душ секілді бұның да тигізер пайдасы зор. Тек алкогольді сусындарм ен кофеиннен бас тартыңыз: олар ұйқыны бұзады.
6. Киімсіз ұйықтаңыз
Ағзаңыз жақсы демалатын болады. Егер киімсіз ұйқытауды ерсі санасыңыз ұйықтарда киетін киіміңіз таза мақтадан жасалған болсын. Бұл мата ағзаға демауға мүмкіндік береді.
Т. Есқали