- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Ұялы телефонның адам...
Ұялы телефонның адам өміріне зияны
Ғалымдар ұялы телефонның электромагниттік толқындарының адам ағзасына қаншалықты зияны бар екенін зерттеп қараған. Көп елде осыған байланысты арнайы программалар құрылып, үш жылдың көлемінде зерттеулер жүргізілген. Оған 12 елден келген 15 мың дәрігер маман қатысты. Олар зерттеу нәтижесінде құлақтың маңайында орналасқан ми, көз, сілекей безі, құлақ түйсіктеріне көп көңіл бөлген. Шынында да ұялы телефонды тым жақын қолданғанда одан электромагниттік энергия бөлінеді, тура сондай энергия микротолқынды пеште тауық етін пісіргенде шығады. Бұл энергия адамның миына және басқа мүшелеріне әсер етеді. Телефон антеннасынан бөлініп шығатын энергия ауаға таралып қоймай, адамның құлақ тұсындағы тірі клеткаларға сіңеді. Өйткені энергия ешқайда жоғалып кетпейді, бір түрден екінші бір түрге айналады. Ұялы телефонмен сөйлесуден гөрі хабарлама жазу балалар мен жасөспірімдер үшін қолайлы. Себебі сөйлесу кезінде құлаққа берілетін электромагниттік сәулелер хабарлама жіберуден әлдеқайда көбірек бөлінеді.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының басшылығы 2000-2004 жылдар аралығында 13 елде зерттеу жүргізген, оған 12800 адам қатысқан. Ұялы телефон пайдалану мен ми ісігінің өсу жағдайы 8 жағдайдың алтауында анықталса, 1 зерттеу бойынша ми ісігінің бірі глиома 39%-ға өскен. Күніне 4 реттен артық пайдаланушылардың бас ауруы 3,6 есе көбейген, қан қысымы жоғарылаған. 1 сағаттан артық сөйлесушілерде ми рагына шалдығушылар саны артқан. Ұлыбритания, Жапония елдерінде жасөспірімдердің ойлау қабілетінің төмендеуі, тұйықталуы, ашуланшықтығы жиі кездесіп, ұялы телефонды 16 жастан бастап ұстауға рұқсат берген. Гаджеттердің денсаулыққа қауіпті екені белгілі болса да, бүгінде олардан бас тартатындар кемде-кем. Керісінше, телефондарға, планшеттерге, смартфондарға деген сұраныс күн санап арта түсуде.
Жолдаған: Оразбек Пернебай
Сурет: banco.az
Ж. Исакаев