Өзге көліктермен салыстырмалы түрде қарағанда, ұшақ ең қауіпсіз көлік түрі саналады. Солайы солай-ақ шығар. Себебі, әрбір 3 секунд сайын жерге бір ұшақ келіп қонады екен.
Әуе апаттары құрлық көліктеріне қарағанда бірнеше есе аз орын алады. БҰҰ-ның санағы бойынша, ұшақ әрбір миллионыншы ұшып өтуде бір-ақ рет апатқа ұшырауы мүмкін екен. Егер мұны өзге көлік түрлерімен салыстырар болсақ, әлдеқайда тиімдірек екенін байқайсыз. Ұшақ апатының 50% жағдайы ұшқыштар жіберген қателіктерден болады, 7%-да басқа экипаж мүшелерінің себептерінен туындаса, 22%-ы техникалық ауытқулар, 12%-ы ауа-райының қолайсыздығы, 9%-ы қасақана жасалады екен.
Жақында Ұлыбританияның «Daily Mail» басылымы әуе кемесі туралы қарапайым халық біле бермейтін құпияларды жариялады. Ендеше оқи отырыңыздар.
Ұшақтардың ақауы ұшу кезінде байқалады
Ұшақтар кезекті сапар алдында толықтай тексеріледі. Алайда ұшақтардың ұшу алаңында ақаулары көп байқала бермейді. Нәтижесінде көбіне істен шыққан құрылғылары мен ақаулары әуеде жөнделеді екен.
Ұшқыштар да ұйықтайды
Әуеде жолаушылар секілді ұшқыштар да ұйықтайды. Әрине екеуі бірдей емес, кезектесіп. 2012 жылы ұшқыштар арасында сауалнама жүргізгенде, олардың жартысынан көбі ұшу кезінде көз шырымдарын алатынын жасырмаған. Себебі, ұшақ биіктікке көтерілген соң автоұшу «тәртібіне» қойылады. Ал ұшқыш ұшақты қондыру кезінде тың болуы керек.
Ұшақпен таңертең ұшқан дұрыс
Ұшақта ауа толқындарынан болатын тербелулерден қорқатын болсаңыз, таңертеңгі ұшаққа мініңіз. Себебі, таңертең ауа толқындары ұшақтың ұшуына көп кедергі келтірмейді.
Ұшқыштарға түрлі тағамдар ұсынылады
Жолаушыларға қарағанда ұшқыштар тамағына баса мән беріледі. Оларға арнайы тағамдар да дайындалады. Сондай-ақ, әуе кемесін басқарушылар өздерімен бірге тамақ алып жүруіне болады.
Барлық ұшаққа найзағай түскен
Ұшаққа жылына кем дегенде бір рет найзағай түседі. Десе де табиғаттың тосын мінезі ұшаққа аса қатты зиян келтіре бермейді.