- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Ұшақ пен құстар...
Ұшақ пен құстар соқтығысса...
Боулинг ойынындағы страйк – сіздің қолыңыздан келетін үздік соққы. Ал, авиация әлемінде страйк ұшақ пен құстардың жолы сәйкес келген жағдайда ғана орын алады. Ұшақтар мен құстар жиі соқтығысып жатады. Жақында ғана Жапонияның ұшағы осындай жағдайдан соң Нью-Йорк қаласының әуежайына тұрақтаған болатын. Оның орнына өзге ұшақ жолаушыларды діттеген жеріне жеткізген еді. Өйткені, ұшақтың қозғалтқышынан құс табылған.
2016 жылы осындай оқиға бойынша 1835 апатты жағдай тіркелген. Бұл әуе комнаниялары үшін маңызды жайт. Себебі, құстармен соғысқан ұшақтарға толық зерттеу жүргізу керек. Байқала бермейтін қауіптер болуы мүмкін.
Статистикаға сүйенсек, құстармен соқтығысқан ұшақтың 5%-ы ғана апатты жағдайға душар болады. Дегенмен, барлық ұшақ жақын әуежайға қайта оралады. Ал, жолаушылар өзге рейске басқа экипажбен отырғызылады. Мұның бәрі қосымша шығын.
Құстар биік ұшпайды. 2006 жылғы зерттеу нәтижесінде құстармен соқтығысатын жайттар 150 метрден төмен жағдайда орын алатыны белгілі болған. Яғни, ұшу барысында немесе жерге қонар шақта болады.
Ұшақтың қозғалтқыштарына сенім артуға болады. Ірі қозғалтқыштар салмағы 3,5 килограмға жуық құстардың соқтығысуына төтеп бере алады. Барлық қозғалтқыштар өздерінің күштілігі әсерінен құсты жұтып қояды.
Әрине, бір қозғалтқышсыз жұмыс жасау ұшаққа қауіп тудырмайды. Бірақ, тек қозғалтқыш емес, кейде ұшқыштардың әйнегі шағылып жатады. Мұндай жағдай орын алса, апаттың орын алу мүмкіндігі арта түседі.
Құстардың да жағдайына мән беру керек. Өйткені, бұл қатерден тек ұшақ пен адамдар емес, құстарға да қауіп төнеді. Құстар ұшаққа жақын ұшпау үшін жыртқыш құстардың, оқтардың дауыстары мен жарық қолданылады.
Т. Есқали