Ұл балаларға қойылатын есімдер #1

Ұл балаларға қойылатын есімдер #1
Фото: baribar.kz

Ата-ананың баланың алдында маңызды міндеттерінің бірі – есім қою. Адамның аты тағдырына әсер етеді деп жатамыз. Мұның шындығы да бар. Сондықтан оған жауапкершілікпен қараған абзал. Назарларыңызға ұл балаға қойылатын заманауи есімдерді ұсынуды жөн санап отырмыз.

Аббас (Ғаббас) (арабша) – қатал, айбарлы, әмірі мол

Абдулла (арабша) – Құдайдың құлы

Ағзам – асқар, биік

Азамат – батыр, ер

Азат – еркін, ерікті

Аззам – батыл, табанды

Айбат (арабша) – құрметті, арыстай азамат

Айбар (көне түрікше) – айдай асқақ

Айдан (көне түркі тілі) – қуатты, айбарлы; айдың сәулесіндей жарық

Айдар – айға ұқсас, айдай әдемі, ай сияқты биік.

Айрат (моңғол) – қымбатты, бағалы.

Анзор (арабша) – көреген, қырағы, данышпан.

Аңсар – көмекші, жолсерік, қолдаушы.

Алан (көне түркі тілі) – кең дархан

Алмаз (көне түркі тілі) – қымбат тас

Алтан (көне түркі тілі) – шапақ, рауан, алқызыл шапақ

Алпан – батыр, ержүрек

Аран – салқынқанды, байсалды

Аслан – жүрек жұтқан, көкжал

Альфир (арабша) – асқақ, биік, өресі биік

Арсен (грекше) – батыл, ержүрек, жүрек жұтқан

Арслан (көне түркі тілі) – арыстан

Артур (көне кельт тілі) – алып, қарулы, зор денелі.

Асад (арабша) – арыстан

Асхат – бақытты, ең бақытты

Асқар – жауынгер, сарбаз, сардар

Абзал – ең жақсы, таңдамалы, аса құрметті

Ахмед (арабша) – мақтаулы, айтулы, мадаққа лайық. «Мұхаммед» есімінің қысқарған түрі.

Аяс (көне түркіше) – ашық аспан, риясыз, қалтқысыз

Әділ – турашыл, әділетті

Әдеп (арабша) – тәрбиелі, сыпайы, биязы, көргенді

 Әзиз (Ғазиз) – ұлы, қымбатты, құрметті, аса қадірлі; Алланың ұлы есімдерінің бірі

Әлиасқар (арабша) – ұлы жауынгер; екі сөзден құралған – Әли (ұлы) және әскер (жауынгер, сардар)

Әли (араб.) – асқар, биік, еңселі.

Әлім – ғалым, білімпаз, білімдар, білгір.

Әлфинұр (арабша) – «мың сәуле» деп аударса болады

Аман – сап-сау, салауатты

Әмин (арабша) – сенімді, адал, турашыл, әділетті, шыншыл

Әмір – билеуші, жетекші, бұйрық беруші.

Әнес – қуаныш, шаттық, кішіпейіл, ақкөңіл

Әнуар – шуақты, көркем.

Багаутдин (арабша) – иман нұры.

Бағдат (парсыша) – Жаратушының сыйы.

Бағдасар (көне түркіше) – жарық нұры

Бәкір (арабша) – ерте, өсімтал

Бату (Батый) (моңғолша) – құнды, сенімді, берік

Бахтияр (арабша, парсыша) – бақытты

Башар (арабша) – адам.

Баязит (көне түркіше) – үстемдік, басымдық. Осман империясының танымал билеушісі болған адам

Бек (көне түркіше) – сұлтан, ханның ұлы, қағанат иесі   

Бекхан (көне түркіше) – басшы, елбасы, өлкебасшы

Болат – өте берік; Болат деп Шам қаласында соғылған құрыш қылышты атаған.

Ғани (арабша) – бай, бақуатты. Алланың ұлы есімдерінің бірі.

Ғалым (Әлім) – білімпаз, білімдар

Ғамзат – алғыр, қырағы, сұңғыла

Ғафур (арабша) – кешірімшіл, мейірімді, мейірбан. Алла есімдерінің бірі.

Ғаяр (арабша) – ержүрек, қайратты, ер мінезді

Далиль (арабша) – нақты, жібі түзу, шыншыл адам, сенімді серік

Дамир – арабшадан аударғанда ар-ұят, ар-ождан деген мағынаны білдіреді, көне түрікше «темірдей берік, темір» дегенді білдіреді.

Даниял (арабша) – Құдайдың сыйы, Құдайға жақын.

Денис (парсыша) – білімді, ғылым жолын қуған.

Данияз (арабша) – ниет, қажет, мұқтаждық

Данияр (парсыша) – ақылды, — умный, зерделі, зейінді

Даужан (көне түркі тілі) – қайырымды, ақкөңіл, пейілі кең

Демирел (түркіше) – темір қол, темір басшы

Дінмұхаммед – Мұхаммед пайғамбардың діні деген мағынаны білдіреді

Дәулет – байлық, бақыт

Даян (арабша) – төреші, қазы, би

Дилияр (парсыша) – жайдары, ақжүрек, сезімтал

Забир (арабша) – қуатты, күшті, шыдамды, төзімді

Забит (Добит) (арабша) – әскербасы, тәртіп, бақылаушы

Заид (арабша) – өркені биік, үйренуші.

Зәки (арабша) – зейінді, зерек, дана, қабілетті

Замиль (арабша) – дос, жолдас

Замин (парсыша) – негізін салушы, бастаушы, ру басы

Зариф (арабша) – ерке, мейірімді, әдемі сөйлейтін, сөзтапқыр

Замир – тәрбиелі, ар-намысты, ұжданды

Зафар (Зуфар) (арабша) – жеңімпаз, жетістікке жеткен

Зиннат (арабша) – кербез, сұлу

Зиннур (арабша) – жарық, нұрлы

Зия (арабша) – нұр, білім нұры

Зияд (араб.) – ересек, жетілген, кемелденген

Зияда –игі, молшылық, береке

Зубаир (арабша) – күшті, ақылды

Елдар – мемлекет басшысы, елбасы, сұлтан

Елнар – елдің нұры, елдің жарығы

Елнұр – жердің нұры, туған ел, отан

Елсаф – бекзат, мәртебелі, таза

Елхам – рухтанған, шабыттанған, жігерленген

Ілияс – ғажап, керемет

Иман – сенім, құлшылық

Инал (көне түркі тілі) – аристократ, текті, билеп-төстеуші

Инар (көне түркі тілі) – сену, нану

Камал (арабша) – көреген, толысқан, жетілген

Қамран (арабша) – құдіретті, қуатты, қарымды.

Кәрім (арабша) – жомарт, ардақты, ғиззат

Қасым – әділ, қара қылды қақ жарған

Кәусар – жұмақта ағып жатқан бұлақ, бақ-дәулет

Қаһарман – батыр, ер

Құдірет – күш, тірек, сүйеніш

 

Қ. Слямбек