ХХІ ғасырдың бастапқы жылдарында халықтың сүйікті ойынына айналған тетристі КСРО программисі Алексей Пажитнов құрастырған болатын. Ол сол уақыттары КСРО Ғылыми академиясының Есептеуіш технологиялар орталығында жұмыс жасайтын. «Тетристің» негізгі идеясы «Pentomino Puzzle» ағылшын басқатырғышына сәйкес туындаған. «Пентомино» атты компьютер ойынын құрастырамын деп, Пажитнов оны толықтырады: ойындағы бес бөлікті денелердің бейнесі ауысып, оңнан солға, солдан оңға ауысады.
Тетрис құрастырушысы Алексей Пажитнов
Дегенмен, сол уақытта бұл идены қолдайтындардың қатары көп бола қоймады. Сондықтан, құрастырушы Алексей оның бір бөлігін қысқартып, төрттік дене жасады. Осылайша, «Тетрамино» өмірге келді. «Тетрис» деп қысқартылуына біраз уақыт керек болғанымен, бұл сөз халықтың санасына тез сіңді. Алғашқы екі айдың ішінде, тетристің түрлі түсті нұсқасы жарыққа шықты. 1984 жылы 6 шілдеде бұл компьютерлерге жүктеліп, дисктер арқылы халыққа тарады. 18 шілде, 1985 жылы тетрис ойынының жеке элетронды ойыншығы қолданысқа еңді. «Тетрис» ағылшындықтардың өзін мойындатқан алғашқы КСРО-ның электронды құрылғысы болды. 20 жыл уақыттың ішінде миллиардқа жуық тиражбен әлемді шарлаған тұңғыш электронды ойындардың қатарына жатады.
Сонымен қатар, «Тетрис» көптеген баланың құнды естелігіне айналды. Туған күніңмен, «Тетрис»!