Өткен жылдың басында әйгілі Фейсбук әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг жаңа жоба жолында еңбектене бастағанын айтқан болатын. Араға жыл салып аталған жүйе жарыққа шықты. "Джарвис" деп аталатын ұялы телефонның бағдарламасы күнделікті жұмысты жеңілдетуде таптырмас құрал ретінде пайдаланылатын болады.
Джарвис жүйесі негізінен әйгілі "Темір адам" фильмінің ойдан шығарылған кейіпкері Тони Старктің негізінде жасалған. Сондай-ақ Марк Цукерберг өзінің тың дүниесіне кейіпкердің есімін берген. Ұзақ уақыттық тәжірибиелер мен ұйқысыз түндердің арқасында автор ғаламат интеллектуалды құлтемір ойлап шығарды. Мұның кинодағы кейіпкерден айырмасы – құлтемір қалта телефонында.
Аталған бағдарлама арқылы жарықты басқаруға, температураны тұрақтандыруға, үй маңындағы камералар мен есікті ашып-жабуға және де тостермен ас дайындап, оятқышты іске қосуға болады.
Қазіргі таңда "Джарвис" тек Цукербергтің үйінде ғана жұмыс істейді. Марктың айтуынша, кейбір нұсқауларды дұрыс орындамау сынды қателіктер бағдарламадан байқалатын көрінеді. Ең қуаныштысы, адамның қиялындағы әрекеттерді енді күнделікті тұрмыста пайдалануға болатынына көз жеткіздік.