Циклон мен антициклон атмосфералық құбылысқа жатады. Атмосфералық құбылыс – өте күрделі, ғылымда шешімі толық таппаған, құпиясы көп үрдіс.
Ауа массалары Жер бетімен құйындай жүйіткіп, үлкен дауыл мен боран туғызады.
Циклон деген не?
Циклон дегеніміз – дауылға ұқсас ауа массалары. Аумағы орасан зор. Диаметрі 100-ден 1000 шақырымға дейін аумақты алып жатуы мүмкін. Оны тек ғарыштан ғана көруге болады.
Циклонның сипаттамасы:
Ауа қысымы төмен.
Ауа ағыны сағат тілімен бірдей не керісінше қозғалуы мүмкін.
Пайда болуы себебі табиғаттан. Жер шарының айналуынан пайда болады. Жер шары өз білігінен айналған кезде ауа массалары қозғалып, құйын мен дауылға айналады.
Метереологтар циклонның қай кезде пайда болатынын болжай алады.
Циклон пайда болған кезде, жер бетінде жел мен дауыл тұрып, нөсер (қар) көбейеді, жел ұйытқып соғады. Ал температура өзгермейді, сол күйі қалады. Жылы болса жылы, суық болса суық.
Циклон кезінде адамның қан қысымы көтеріледі. Содан адам әлсіреп, ұйқышыл болады, буындары ауырып, бас сақинасы ұстауы мүмкін.
Бір қызығы, экватор мен оған жақын аймақтарда ешқашан циклон болмайды.
Антициклон деген не?
Антициклон орнаған кезде күн жылы, шуақты, ашық болады. Қыс кезінде тұман шығып, түнде аяздатуы мүмкін. Жазда антициклон кезінде жаңбыр жаумайды, соңы қуаңшылыққа баруы ықтимал.
Антициклонның сипаттамасы:
Ауа қысымы көтеріледі.
Антицклонның аумағы 4 мың шақырымға дейін жетеді.
Мұз бен қар басып жатқан аймақта көп болады.
Циклонның соңы антициклонға ұласады.
Ауа массасы бейберекет қозғалыста болады, жарты шардың орналасуына байланысты. Солтүстік сағат тілімен бірдей, ал оңтүстік сағат тіліне қарсы қозғалады.
Антициклон орнаған кезде адамның қан қысымы төмендейді.
Қорытынды
Циклон жақындаған кезде ауа ылғалдана бастайды, яғни, жауын-шашын молаяды. Әсіресе, нөсер жауын көбейеді. Жел күшейіп, соңы дауыл мен құйынға әкелуі мүмкін. Ал жауын-шашынның аяғы тасқынға айналуы ықтимал. Күн бұлтты болады. Ауа райы тұрақсыз, бірде былай, бірде былай.
Ал антиклон келген кезде күн ашық, жауын-шашын жоқ, бұлт көрінбей кетеді. Жел де жоқ. Ауа райы тұрақты. Антициклон деп аты айтып тұрғандай, бұл циклонға қарсы құбылыс. Циклон суық, нөсерлі болса, антициклон жылы, нөсерсіз келеді.
Ғалымдар жер шарының бір бөлігінде ауа қысымы жоғарыласа, келесі бір бөлігінде төмендейді дейді. Сондықтан жер бетінің бір аймағында циклон орнаса, енді бір бөлігінде антициклон орнауы мүмкін.