- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- «Цифрлы Қазақстан» жобасының...
«Цифрлы Қазақстан» жобасының артықшылығы неде?
Ел үкіметі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік жобасының бағдарламасын дайындау кезінде ғаламдық талаптарды ескерген. Сондықтан басты назар цифрландыру үдерісінің тұрақты түрде дамуына негіз болатын инновациялық институттарды құруға бағытталып отыр.
«Мемлекеттік жоба аясында экономиканың шынайы секторында нақты жобалар жүзеге асырылады. Стартаптар 9 негізгі өндіріс саласын цифрландыруға бағытталады», – дейді ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев.
Үкімет басшысының айтуынша, негізгі күш энергетика, шикізат өндірісі, агроөндірістік кешен, өндіріс, логистика мен ақпараттық технологиялар секторларына бағытталады.
«Осы бағытпен даму арқылы Қазақстан екі мәселені шешімін табады. Олардың бірі еліміздің негізгі өндіріс салаларын технологиялық модернизациялауға қосымша испульс алу болса, тағы бірі өндірістік еңбектің масштабты өсуіне жағдай жасалады», – дейді Үкімет басшысы.
Айта кетсек, «Цифрлы Қазақстан» жобасын дайындау кезінде бұл саладағы көшбасшы елдерден үлгі алынған. Мысалы, агроөндіріс секторын технологиялық модернизациялау үшін еврейлердің Taranis жүйесі қолданылды. Бұл жүйенің көмегімен Израиль жер құнарлылығының төмендігіне қарамастан, ішкі нарықты шаруашылық өнімдерімен толықтай қамтамасыз ету мүмкіндігін жасап, экспорттауда да жетекші рөл ойнай бастады.