«Цифрлы Қазақстан» жобасы туралы не білуіміз керек?

«Цифрлы Қазақстан» жобасы туралы не білуіміз керек?
Фото: http://uainfo.org/

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі "Цифрлы Қазақстан" жобасын қолға алды. Бұл жоба туралы біз не білуіміз керек? 

"Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты", - деді Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында. 

"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасының 4 негізгі бағыты бар.

Бірінші – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру.

Екінші бағыт– экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу.

Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру.

Төртінші – IT мамандарды даярлау.

Р. Роза