Ұялы телефонға арналған, сіз бен біз біле бермейтін бірнеше мыңдаған қосымша бар. Оның ішінде пайдаңызға жарайтын, жұмысыңызды жеңілдететін түрлері де жетерлік. Назарларыңызға ТОП-5 үздік бағдарламалар тізімін ұсынамыз. 1.Remote Mouse бұл қосымшаны орнату арқылы сіз ноутбукті қашықтықтан басқару мүкіндігіне ие боласыз. Аталмыш бағдарламамен презентациялық таныстыру кезінде беттерді ауыстыру, кино-музыканы қосып-тоқтату ыңғайлы. 2. Электронды кітаптарды жиі оқысаңыз Marvin қосымшасын орнатып алуға кеңес береміз. Себебі, бағдарламада автор, кейіпкерлер жайлы түрлі ақпараттарды іздеуге, өзіңізге маңызды деген тұстарды сақтап алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, кітаптарды автор немес атауы бойынша реттеп қоюға да болады. 3.Layout from Instagram: Collage -инстаграмдағы парақшасын әсем суреттермен толтыруға жаны құмар жандарға арналған қосымша. Сіз бұл бағдарлама көмегімен қызықты фотоколлаждар құрастырып, оны достарыңызбен де бөлісе аласыз және суреттерді қиялыңыздағыдай етіп өңдеуге мүмкіндік мол. 4. Puzzle Alarm Clock таңертең оятқышпен (будильник) оянуы қиын жандар үшін таптырмас бағдарлама. Қарапайым оятқыштан ерекшелігі, қосымша іске қосылған сәтте, арнайы тапсырмаларды орындамай оятқыш та шырылын тоқтатпайды. 5. FOCUS Lock қосымшаның көмегімен сіз смартфондағы бағдарламаларға деген тәуелділіктен арыласыз. Көңіліңізді жиі алаңдататын немесе уақытыңызды текке алып қоятын ойындар немесе түрлі қосымшаларды FOCUS Lock-қа бұғатталу уақытымен белгілеп қойсаңыз болғаны. Мысалы: Instagram-ды екі сағатқа, WhatsApp-та 1 сағатқа т.с.с. Уақыт аяқталмайынша бағдарламаны бұғаттан шығара алмайсыз. Дайындаған: Әбдіманап Нұржан