Естімеген елде көп. Технология дамыған сайын адамның ақылына кіріп-шықпайтын жаңалықтарымен бөлісіп келеді. Соның бірі – тоңазытқышқа арналған құлып.
Құлыпты құрастырушылардың ойынша бұл жай ғана құлып емес. Себебі оның жұмыс істеу жүйесі ерекше. Бұл әсіресе үйіңіздегі көп тамақтанатын сүйіктіңіз үшін және жоғалып кете беретін тағамдарыңыз үшін пайдалы екен.
Айтып отырған ерекшелігіміз құлыпқа сіз кілт сөз қоя алмайсыз. Кілт сөзсіз ол сізге сұрақ қояды. Яғни тоңазытқышты ашу үшін сіз құлыпқа жақындап саусақ тигізесіз. Сол кезде жүйе іске қосылып, экран бетіне сұрақ пен жауап жазатын орын шығады. Сұраққа дұрыс жауап бермесеңіз «тамақ жоқ» деген сөз шығады.
Құлып жасырған сұрақтарды сіз ғаламтор арқылы біліп алуыңыз мүмкін. Дегенмен құлыптың мақсаты да осы. Себебі ондағы сұрақтардың дені ағзаға және тамаққа байланысты. Сіз ғаламтор арқылы ол заттардың зиян әлде пайдалы екенін аңғарасыз. Құлып Fridgelock үлгісінде жасалғанын айта кету керек.