Техника дамып жатқан дәуірде одан өзіңді тым алшақ ұстау – қателік. Дегенмен құрастырып жатқан ғалымдардың өзі жиі пайдаланбауды ұсынады. Әрбір ойлап табылған құрал – адамның еңбегі һәм қасіреті. Өйткені бүгінде шыққан түрлі техниканың әсерінен адам ағзасында түрлі аурулар пайда болып жатыр. Ал мұның алдын алу үшін көптеген шаралар, психологиялық кеңестер өткізіледі. Әсіресе ұялы телефонға телмірген жастардың қатары күн сайын артып келеді. Ата-аналарды алаңдатқан осынау ұялы телефонға телміру әдетін қалай тоқтатуға болады?
РУДН университетінің әлуеметтік және дифференциалды психология кафедрасының доценті, психология ғылымдарының кандидаты, отбасылық психотерапевт Елена Чеботарева былай дейді:
«Күнделікті қолданатын график жасаңыз (бір сағат ұялы телефон қолдансаңыз, одан кейін сабақ оқу). Белгілі бір уақытқа оятқыш қой және сол уақытта өзіңді жеңімпаз ретінде жігерлендіріп, бірден телефоннан алыста. Өзіңе мотивация бер. Ең дұрысы сізге көмекшілер керек. Ол ата-анаңыз болса тіпті жақсы. Олар сіздің графигіңізбен таныс болу керек және сол уақытта техникалық құрылғыдан алыстауыңызды айтып ескерту жасағаны жөн. Көмекшіңіз не серіктесіңіз досыңыз болса, тіпті керемет. Екеуара келісім жасаңыз: кім өз уақытында жоспарымен жүрмесе, ол айыппұл төлесін немесе қатаң жазалансын. Бұл өзіңзді тәрбиелеуге де көмектеседі. Ал жеңімпаз, керісінше, сыйға ие болсын».
Осы қарапайым әдісті орындау арқылы ұялы телефонға телміруден арыласыз. Себебі әркез ұтылған сайын қалтаңыздан ақша кетеді, күйзелесіз. Бұл сізді қиын жағдайларға алып келуі мүмкін.
Адам баласы жеген таяғынан сабақ алмаса, бейқам жүре береді. Ал жаман әдетке айналған әрекеттің соңы жақсылыққа апармасы тағы бар...