Таргетинг жарнамасы дегеніміз не?

Таргетинг жарнамасы дегеніміз не?
Фото: staff-online.ru

Бүгінгі технологияның қарыштап дамыған заманында жарнамалардың орны ерекше деп айтсақ болады. Кез келген жұмыс беруші мекеме, компания ең әуелі өзін, өз өнімін жарнамалайтыны заңдылық. Қазіргі таңда жарнама беру жұмысы да бір деңгейден екінші деңгейге өтті. Жалпы алғанда жарнаманың екі жолы бар. Олар: онлайн және оффлайн. 

Оффлайн жарнама – интернетті қамтымайтын барлық алға жылжу жолдарының жиынтығы. ОФфлайн жарнамаға тірі қоңыраулар (холодные звонки), көше бойындағы жарнамалық қағаздар, т.б. жатады. Ал, онлайн жарнама дегеніміз – аты айтып тұрғандай, барлық жарнама ғаламтор бетінде жүргізіледі. Оған: смс-жөнелту, WhatsApp-жөнелту, mail-жөнелту, яндекс-жарнама, әлеуметтік желі (facebook, vkontakte, instagram), таргетинг және т.б. жатады. Біз бүгін оқырмандарымызға осы таргетинг жарнамасы туралы айтуды жөн көрдік. 

Таргетинг жарнамасы дегеніміз – (ағылшын тілінен аударғанда – нысана) маркетинг тетігі болып саналады. Оның көмегімен белгілі бір талаптарға (географиялық, әлеуметтік-демографиялық және т.б.) сай келетін интернет пайдаланушыларының барлық санынан тек мақсатты аудитория таңдап және жарнамалық ақпаратты жеткізу. Дәлірек айтқанда, жарнамаңызды барша жұртшылыққа көрсету. 

Таргетинг арқылы сіздің тауарыңызды яки өніміңізді алуы мүмкін деген адамдарға дәлдеп көрсетуге болады. Бұл үшін сіз мақсатты аудиторияны (ЦА) таңдайсыз. Мақсатты аудитория адамдардың жасына, жынысына, орналасқан жеріне, қызығушылығына қарай таңдалады. 

Таргетинг жарнамасын жасау үшін сіз Facebook-қа ақша төлейсіз. Аздаған сомадағы қаражат жұмсау арқылы өз аудиторияңызды кеңейте аласыз. Мәселен, сіз Алматы қаласында ыдыс-аяқ сатасыз делік. Өзіңіз ойлап қараңыз, мұны сатып алушылардың басым көпшілігі 22-45 жастағы отбасын құрып, балалы болған әйелдер. Олар көп қонақ күтеді, дастархан маңында көп жүреді, сол себепті сіз осы жас аралығындағы әйелдерді таңдайсыз. Яғни, таргетинг жарнамаңыздың мақсатты аудиториясы – осылар. Бұл өте маңызды! 

Тағы бір мысал, сіз егер компьютер сатқыңыз келіп, мақсатты аудиторияға 14-15 жастағы балаларды таңдап жіберсеңіз, оның тауарды сатып алуға ақшасы болмағандықтан, тауарыңыз өтпей қалады. Тіпті, оған керек емес те болуы мүмкін. Керісінше, сіз оның ата-анасына жарнамалауыңыз керек.

Қазіргі таңда instagram желісі кеңінен танымал. Сондықтан да таргетингті instagram-да берген дұрыс. Instagram-да таргетинг жарнамасын беру facebook желісі арқылы жүзеге асады.

Таргет: уақыт

Уақытын таңдаған кезде кез келген уақытта, кез келген күнді таңдап сол уақыттарда ғана жарнама шығып тұратын қылсаңыз да болады. 

Таргет: сурет

Суретке байланысты айтар болсақ, бір немесе бірнеше сурет қоюға болады. Сіздің жарнама жасайтын өніміңізге қарай кез келгенін таңдай аласыз. 

Таргет: плейсмент

Таргет плейсмент дегеніміз сіздің жарнамаңыздың орналасу орны. Жарнаманың орналасу орнының 3 түрі бар. Олар:

1) компьютерде көрінетін жарнама; (жаңалықтарды, басқа да мәліметтерді тек компьютермен қарайтын адамдарға қатысты)

2) Ұялы телефонда көрінетін жарнама; (жаңалықтарды, басқа да мәліметтерді тек ұялы телефонмен қарайтын адамдарға қатысты)

3) Компьютердің оң жақ шетінде көрінетін жарнама; (facebook бетінде кейде қарасаңыз оң жақ шетінде түрлі жарнамалар тұрады)

Ескерту! 

Жарнаманы сенбі-жексенбі күндері қоймаңыз. Себебі, бұл уақытта адамдардың көпшілігі демалады, әлеуметтік желілерді қойып, басқа жұмыстарымен айналысады. 

Таргетинг жарнамасының көптеген артықшылықтары бар: жарнаманы іске қосқанан соң көп ұзамай алғашқы тұтынушыңызға ие боласыз, компанияңыздың танымалдылығын арттырасыз, тез арада көп адамға, көпшілік аудиторияға көрсете аласыз. Бір еске кететін жайт, ақша шығындаудан қорықпаңыз. Таргетингтің артықшылығы сол, аз ақша құйып, көп тұтынушыға ие боласыз. Қазір ең нәтижелі ақылы жарнамадан таргетинг көш бастап тұр. Бүгінгі дәуірде небір компаниялар, мекемелер, т.б. таргетинг жарнамасын қолданады. Тіпті, кейбір компаниялар миллиондап қаражат жұмсайды. Тиісінше, миллиардаған табысқа кенеліп отыр. 

Ж. Жұмағұлов