- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Сымсыз қуаттау технологиясы...
Сымсыз қуаттау технологиясы дамып келеді
Сымсыз қуаттау технологиясы пайда болғалы бері техноға қызығушылығы бар адамдар енді смартфоннан үлкен болған аппараттарды қуаттай алатын құрылғының шығуын күтуде. Бұл жаңалықты Freescale компаниясы жүзеге асырды.
Жартылай өткізгіштікке ие чиптермен айналысатын компания смартфонға қолданылып жүрген сымсыз қуаттау құрылғысынан үш есе қарымды аппарат жасап шығарды. Бұл жуырда ноутбуктерді сымсыз қуаттау мүмкіндігін беретін болады.
Қуаттау құрылғысы қарапайым планшеттерді және кейбір медициналық аппараттарды толық энергиямен қамтамасыз ете алады. Аталған қосалқы гаджеттің қуаты – 15 ватт.
«Заманауи құрылғылардың көлемі даму барысында кішірейіп барады. Сәйкесінше оның электр жинақтағышы да кішірейтіріліп, ал қуаты керісінше өсіп келеді. Сондықтан тұтынушылар оның жылдам әрі сымсыз қуат алуын қалайды. Ендеше біз жылдам қуат алуға мүмкіндік беретін жаңа құрылғы жасадық», - дейді компанияның даму және маркетингтік директоры Денис Каброль.
Сымсыз электрмен қамтамасыз ететін бірінші аппараттар келесі жылдың басында шығады деп жоспарланған. Компания 2016 жылға дейін қуаттылықты 50 ваттқа дейін асырып, ноутбуктердің сымсыз құрылғысын жасауды мақсат етіп отыр.
Сурет: www.microsoft.com
Ж. Өрісбай