1996 жылы қоғамда интернет ғаламаты әлі дамып үлгермеген болатын. Дегенмен Стив Джобс оның болашағын дәл болжай білген екен. BusinessInsider басылымы Стив Джобстың ғаламтор болашағы туралы сол жылда берген сұхбатын жариялады. Сұхбат алғаш рет Wired журналына жарияланған екен.
«Интернет ордасы онлайн сауда болады. Ал тауарды әлемнің кез келген аймағына жеткізетін Америка сауданың ордасына айналады», - дейді Apple компаниясының негізін қалаушы. Стив Джобс «Америка» деп Калифорниядағы силиконды алқапты меңзеген белгілі. Себебі бүгінде аталған мекен әлемдегі ең қымбат өлкеге айналып отыр. Қазіргі қоғам оның бұл пікірде адаспағанын анық біледі. Бірақ сол кезде Джобспен сұхбаттасқан тілші жауаптарды нақтылау үшін қайта-қайта сұрақ қоя беріпті.
Тілші: Интернеттің болашақтағы мүмкіндіктері қандай?
Джобс: Ал сіздің ойыңызша, ғаламторда кімдер көбірек пайдаға кенеледі?
Тілші: ... бір нарсесі бар адамдар.
Джобс: Сатуға!
Тілші: Бөлісе алатын нарсесі бар адамдар.
Джобс: Жоқ, сататын адамдар!
Тілші: Сіз интернетке жариялайтын белгілі бір құндылықты айтып тұрсыз ба?
Джобс: Жоқ, біз одан арыға өтіп кетеміз. Бұл коммерция. Адамдар дүкен аралап сауда жасауды доғарады. Олар бар керегін онлайн түрде сатып алуға бейімделеді.
Тілші: Сонда интернет бүкіл әлемдегі адамдардың мүмкіндіктерін тең ете ме?
Джобс: Менің жұмысым барлығына бірдей өнім дайындау. Ғаламтор бизнесінің негізгі жолы да сол бағытта болмақ. Әдетте алып компаниялар тауарларын жеткізу үшін миллиондаған қаржы жұмсайды. Ал бұл бизнес онлайн платформаға ауысса, табыс мөлшері бірнеше есеге артады.
Тілші: Бұл жұмыссыздықты көбейтіп, экономиканың дамуына кедергі болмай ма?
Джобс: Ғаламтор әлемді толығымен өзгертпейді. Ол оның бір бөлігі ретінде қалыптасады. Дегенмен интернет экономиканың басты бағыттарының біріне айналары анық.
Стив Джобс болашақты болжай алатын нағыз кәсіпкер болған. Оның сауданың қай бағытта өзгеретінін дәл айтқанына куә болып отырмыз. Егер Стив он жыл кейін туылғанда, ғаламтордағы интернет ресурстардың дамуына үлкен үлес қосуы бек мүмкін еді.