- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Стикер неге сары?...
Стикер неге сары?
Қазіргі менеджерлер мен кеңсе қызметкерлері сары қағазсыз – стикерсіз өмірін елесте алмайды. Қайда қарасаңыз да, сары қағаз ілініп тұрады. Жұлып алып жабыстыра бересің. Қайда жабыстыратыныңды да өзің білесің.
Стикердің түсі өте қанық, ашық келетінін бәріміз білеміз. Назар аудартудың, есте сақтаудың жолы болса керек.
Стикер өткен ғасырдың 60-жылдары пайда болған. Оны жасаған адам – Арт Фрай, инженер-химик. Шіркеуге хорына қатысатын Фрай әннің нотасын кітапқа қарап оқитын адам болған. Кітаптың қай жеріне келгенін ұмытып қалмас үшін бетбелгі салып жүретін. Бірақ бетбелгісі түсіп, жоғалып қала беретін болған. Содан кітаптың ішінде жабысып тұратындай, бірақ жұлып алған кезде ізі қалмайтындай бетбелгі жасау керектігін сол кезде ойлаған көрінеді.
Содан досымен бірге екі жыл жүріп қазіргі стикерге ұқсас жабысқақ қағаздарды ойлап тапқан. Досы – суперклей шығарумен айналысатын адам. 1974 жылы екеуі тұңғыш рет стикерге жазу жазып, қазіргі кеңсе өмірінің айнымас бөлігіне айналған қағазды дүниеге әкелді.
Стикер неге сары?
Бұл сауалдың жауабы қарапайым. Арт Фрайдың өзі алғашында стикерді сары қағаздан жасап жүрген. Өйткені сары клей мен сары қағаз бір-бірімен көрінбей кетеді. Оның үстіне, Фрай сары қағаздың көңіл аударатын түс екенін әрі көруге оңай, назар аударарлық қасиеті барын байқаған.
Қазір стикердің түрі де, түсі де көп. Бірақ арасында сары стикердің бәрібір орны ерекше.
Қ. Слямбек