- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Смартфонмен қалай сапалы...
Смартфонмен қалай сапалы сурет түсіруге болады?
Смартфон камерасы жыл өткен сайын сапалы бола түсуде. Қазіргі уақыттың өзінде түрлі эффектпен, жарықпен сапалы фото түсіруге әбден болады. Бірақ кейде әлеуметтік желілердегі суреттерді қарап отырып, бұл іс көптің қолынан келе бермейтінін байқаймыз.
Негізінде жақсы фото түсіру мүмкіндіктері өте көп.
Жарықты дұрыс пайдаланыңыз
Бұл кеңесіміз қандай керемет телефон ұстасаңыз да қажетті болады. Суретке түсіріп жатқан адамыңыз шығып тұрған жарыққа бетпе-бет болуы тиіс. Смартфонмен түсірілген суреттердің нашар шығуының негізгі себебі де осы жарықтың дұрыс қолданылмауынан. Мына жоғарыдағы сурет сөзімізге дәлел бола алады.
Линзаны сүртіңіз
Ақылсыздау кеңес көрінгенімен, осы линзаның кірлеп қалуы салдарынан қажетті делінген фотоңыз сапасыз шығады. Түрлі қара нүктелер мен бұлдырлауы да телефоныңыздың қалтаңызда жүріп кірлеуінің салдары болып отыр.
Зум қолданбаңыз
Егер нысан сізден алыста болса, ерінбей жанына барып түсіргеніңіз жөн. Себебі телефонның жақындататын қызметі оның сапасын өте нашар қалыппен түсірмек. Ал нысанға жақындай алмайтын жағдай болса оны кейін суретті кесіп өңдеп алуыңызға да болады. Ал зум қолданылған кезде оның сапасын жақсарту қиынға түседі.
Жарық (вспышка)
Кәсіби фотографтар смартфонмен суретке түсіру кезінде оның вспышкасын мүлдем пайдаланбауға шақырады. Ал түн кезінде оны қосуға болады. Егер кешқұрым уақытта қосарыңызды не қоспай түсіретініңізді білмесеңіз, «Auto» режиміне қоюға кеңес береміз. Мұнда смартфон камерасы қосу-қоспауды өзі шешетін болады. Ал сонда да түсірген фото сапасыз болса, бір рет жарықты өшіріп, кейін бір рет жарықты қосып түсіріп көріңіз. Қайсысы сапалырақ болса, соны таңдайсыз.
Баптауларын біліп алыңыз
Егер сізде iPhone болса, оның жалғыз ғана баптау жолы бар: торды өшіру немесе қосу. Ал егер Android құрылғысын ұстайтын болсаңыз баптау түрі өте көп болады. Бірақ мұнда да сіз асықпай отырып, меңгеріп кете аласыз.
Смартфонның қаншалықты мүмкіндігі барын тексеріңіз
Көпшілік смартфонда түсірілген фотоны қандай өлшемде сақтауға болатыны жайлы баптау бар. Егер болса, барынша үлкен өлшемін таңдауыңыз дұрыс болмақ.
Суретті стабилизациялауға мүмкіндік бар
Смартфоныңызбен суретке түсіру үшін батырманы басқан сәтте діріл болады. Демаласыз, түрі ишаралар да түсіріп жатқан суретіңіздің сапасына әсер етеді. Сондықтан да өз деміңізді қалай алу керектігін білетін мерген болмасаңыз, телефон баптауларына кіріп, «тұрақтандыру» («стабилизация») пунктін таңдаңыз.
Ақ түс балансын ретке келтіріп алыңыз
Қазіргі таңда камералар ақ түс балансын автоматты түрде таңдай алады. Бірақ жарық аздау болса, телефон түстерді ажырата алмауы мүмкін. Ал кейде жарық мөлшерін есептеуге бірнеше секунд күтуіңізге тура келеді. Мәселен, бөлмедегі жарықты қосқан кезде смартфоныңызға бірнеше секунд уақыт беріңіз. Бір сәттік уақыт сізге сапалы сурет сыйлайды.
Экспозицияны меңгеріңіз
Экспозиция линзаға түсетін жарық өлшемін анықтайды. Бұл баптауларды меңгеріп алу үшін ұялы телефоныңызбен түрлі эксперимент жасап көрсеңіз болады.
Суретті түссіз етіп көріңіз
Егер жоғарыдағы кеңестеріміз көмектеспей жатса түсірген фотоңызды түссіз қалыпқа өзгертіп көріңіз. Көп жағдайда бұл фильтр түрлі түстер мен жарық қателігін «жуып-шаяды».
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: lifehacker.ru, econet.ru
А. Құлтай