Сингапур мейрамханасындағы робот даяшылар (Видео)

Сингапур халқы асқа аса талғампаздықпен қарайды. Бірақ, елде қызмет етуші мамандар тапшы болғандықтан, мейрамханаларда даяшылар жетіспей, қиындықтар туып жатады. Және бұл Сингапур мейрамханаларына келушілер санының кемуіне бірден-бір себеп болатын. 

Дегенмен, мейрамхана қожайындары бұл тығырықтан шыға білді. Қалай дейсіздер ғой? Мына алыстан басқарылатын ұшқыш аппараттар арқылы. Көлемі шағындау үлгілері мейрамханаға келушілердің тапсырыс берген тағамдарын үстелдеріне дейін апарып береді. 

Арнайы алдын-ала жазылған бағдарлама бойынша іс-әрекет автоматты түрде жүзеге асып отырады. Және инфрақызыл есептеуіш жүйесі аппараттардың бір-біріне соқтығысып қалмауын, келушілерге қауіп төндірмеуін қадағалайды.  

Мамандар бірінші осы елде бақылап, кем-кетігі болса қайта толықтыратын айтты. Сондықтан, бұл робот-даяшының Сингапур елінде қолданысқа енгенімен, әлем халықтарына  қашан тамақ таситыны әзірге белгісіз. 

 

Сурет: www-techinasia.netdna-ssl.com, az598155.vo.msecnd.net