Адамзат тарихында ұлттар мен мемлекеттер арасында толассыз соғыстар жүрді. Біреу жеңіске қуанса, біреу ауыр жеңіліске ұшырады. Жеңімпаздар батыр атанды, олар туралы кітаптар жазылды, фильмдер түсірілді. Жеңілгендер әдетте әскерінің немесе қолбасшысының әлсіздігінен, опасыздықтан, кейде жай ғана сәтсіздіктен жеңіледі. Бірақ тарихта сондай күлкілі жеңілістердің болғаны сонша, бұл сәтсіздікке шарап себеп болған.
Галлдардың Римді жаулап алуы
Біздің эрамызға дейінгі 390 жылы галлдар Рим әскерін талқандады. Жеңілген Рим әскерінің аман қалған бөлімдері екіге бөлінді. Дивизияның біріншісі Вэйге, екіншісі Капитолий төбесіне шегінді.
Римге кірген галлдықтар жеңістің құрметіне үлкен той жасап, мас болғанша ішеді. Осының салдарынан барлық галл командирлері мен сарбаздары аяғында тұра алмайтындай дәрежеге жетеді. Рим әскерінің тәжірибелі қолбасшысы Камилл мұны бірден пайдаланады. Түн ортасында галлдар ұйықтап жатқанда римдіктер шабуылға шығады. Ештеңені түсінбеген мас галлдар қарсылық көрсете алмайды. Римді жаулап алу шарапты жақсы көретін олардың жеңілісімен аяқталады.
Мәжбүрлі интоксикация
Ежелден бір халық жаңа аумақтарды жаулап алуға тырысса, екіншісі басқыншылардан қорғанған. Соғыстың мәні де осында, бұл "дәстүр" ғасырлар бойы жалғасып келеді.
Біздің эрамызға дейінгі VІ ғасырда византия мен славян тайпалары арасында территориялық даулар болды. Осындай қақтығыстардың бірінде византиялықтар славяндар аумағында адасып қалады. Аумақта ауыз су болмаған. Су таусылғанда, византия сарбаздарына шөлден өліп қалмас үшін судың орнына резервтегі шарап ішуді бұйырады. Төрт күннен кейін византиялықтар шағын өзенге тап болады. Шөлдеген сарбаздар суға секіреді. Төрт күн бойы шарап ішіп, жанын аман алып қалған сарбаздардың барлығы да ішімдікке салынып, соғысуға мүлдем шамасы келмей қалған болатын.
Бұл кезде славян сарбаздары өзен жағасында тұтқиылдан шабуылға дайындалып жатқан. Славяндардың қиян-кескі шабуылы византиялықтарды тықсыра түседі. Ұрыс өте тез аяқталады. Славяндар мас жауларын шығынсыз жеңеді.
Пьяна өзеніндегі қырғын
Бұл оқиға 1377 жылы болған. Орыс княздары моңғол шабуылын біледі. Жау әскерін Пьяна (маскүнемдер) өзенінің жағасында қарсы алу туралы шешім қабылданады. Орыс дружиналары (біріккен армия) белгіленген жерде ұзақ күтеді. Бірақ жаудың төбесі көрінбейді. Күтуден шаршаған орыстар қаруларын тастап, сауытын шешіп, шарап іше бастайды. Тарихи деректерге сүйенсек, әскер құрамындағылардың барлығы ішімдік ішкен. Ақырында барлық князьдер мен қолбасшылар мас сарбаздарды тастап, аңға шығады. Жауапсыздық әрқашан жақсылық әкелмеген, әсіресе соғыс кезінде. Дәл осындай жағдай Пьяна өзенінің жағасында да болды.
Моңғол әскері мас жауынгерлерді оңай жеңеді. Орыс князьдері өзенге батып кетеді, ал әскердің барлығы дерлік жойылады.
Өз-өзін жою
1788 жылы Австрия армиясымен болған оқиғаны шайқас деп атауға болмайды. Соғыс кезінде әрқашан түсінбеушілік болады. Ал, мына оқиға тіпті күлкілі.
Австро-түрік соғысы кезінде Румынияның Карансебеш қаласына жақын жерде шайқас болады деп күтілген. Император Иосиф II басқарған Австрия әскері ұрыс болатын жерге түріктерден бұрын жетеді. Армияның атты әскері жолда сығандарды кездестіреді. Олар уақытты пайдаланып, сығандардан бірнеше бөшке шарап сатып алады.
Біраз уақыттан кейін жаяу әскер де келеді. Олар атты әскерден сатып алынған шараптан өз үлесін талап етеді. Атты әскер шарапты бермей, өздері ішеді. Жаяу әскер оны күшпен тартып алмақ болады. Бірақ батыл да, жылдам атты әскерлер оларға тойтарыс береді. Нәтижесінде ұрыс ушыға түседі.
Түріктермен шайқас алаңына көп ұлтты әскердің басқа бөлімдері бірінен соң бірі келе бастайды. Сарбаздардың бір-бірінің тілін түсінбеуі жағдайды ушықтырды. Алғаш келген бөлімшелер қақтығыстың атты әскер мен жаяу әскер арасында болғанын түсінгенімен, кейін келген бөлімдер не болып жатқанын түсінбейді. Одан кейінгілер түріктермен соғысып жатырмыз деп ойлап, оқ жаудырады.
Күннің қараңғылығы жағдайды одан сайын қиындата түседі. Олардың кіммен соғысып жатқанын түсіну мүмкін болмайды. Ақыры тараптардың бірі шегінеді. Содан артиллерия басталып, аспанда зеңбірек оқтары ұшады. Шегініп бара жатқан тарап өзендегі көпірге қарай қашады. Ескі көпір сонша көп жауынгерді көтере алмай, опырылады. Ақылсыз сарбаздарды ажыратпақ болған патша өле жаздайды. Таңертең түріктермен шайқасатын алаңда ешкім жоқ, Австрия әскері жан-жаққа бытырап кетеді. 10 мың жауынгердің денесі ұрыс даласында қалады.
Түрік әскері екі күннен кейін ұрыс алаңына келеді. Олар жауларының жансыз сарбаздарын көріп таң қалып, не болғанын түсіне алмай қайтып кетеді.