Samsung логотипімен шығатын смартфондар моделі 30%-ға қысқарады

Samsung логотипімен шығатын смартфондар моделі 30%-ға қысқарады

Samsung өзі шығаратын смартфондардың санын азайтып, 2015 жылға қарай тек негізгі модельдерді дамытуды көздеп отыр. Бұл туралы компанияның инвесторлармен байланысын реттеуші Роберт Ий айтып өтті. The Wall Street Journal ақпаратына орай, оңтүстіккорейлік компания брендтік өнімдерін келесі жылы 30%-ға дейін қыстартатын болады.

Айта кетсек, Samsung смартфондар нарығында өткен жылға қарағанда біршама төмен нәтижеге ие болған. Әсіресе, ең негізгі болатын Қытай нарығында сатылым деңгейі жергілікті Xiaomi компаниясының бәсекелестігінен төмендеп кеткен. Одан бөлек ағымдағы жылда Apple компаниясының iPhone-дары үлкен дисплейге ие болғандықтан, Samsung-тің үлкен флагманды смартфондары нарықта жүрмей қойды.

Нәтижеде компанияның мобильді бизнесі үшінші кварталда өткен жылғымен салыстырғанда 74%-ға түсіп кеткен. Сондай-ақ, оперативті табысы, яғни гаджеттердің бөлшектерін дайындаудан түсетін қаржы да жарты бағамына түсіп қалыпты. Тағы да айтар болсақ, бұл жыл Samsung жарнамаға да тым көп қаржы жұмсап жіберген.

Компания басшылығы шығынның болу себебін бір-біріне ұқсайтын смартфондардың тым көбейіп кеткенімен түсіндіреді. Мысалы, Galaxy S флагманды смартфондар өзінде бес модельді қамтиды: Galaxy S5, Galaxy S5 Active пен Galaxy S5 Sport (қорғалған), Galaxy S5 Mini (қарапайым), Galaxy K мен Galaxy S5 LTE-Advanced камерафондары. Одан бөлек, компания Note фаблеттер тізгіні мен басқа платформаларға арналған құрылғыларды шығаруды қолға алған.

Шығарылып жатқан «ақылды телефондардың» модельдерін қыстарту арқылы компания жарнамаға да артық шығын жасамайтын болады. Сонымен қатар, Samsung әр түрлі смартфондардың артықшылығын бір модельге жинақтауды жоспарлап отыр. Бір қызығы болып жатқан қысқартулар туралы сөз болғанда, планшеттер мен компьютерлер сандық мөлшері ескерілмеді. Демек, Samsung аталған өнімдерінен тұрақты табысын алып отыр.

Сурет: www.tekimobile.com

Ж. Өрісбай