Роботтық технология жануарлар әлеміне енді

Адам баласының қимылын қайталап, адам сияқты сөйлей алатын, тіпті тамақ жасай алатын аспаз роботтар жайлы естіп жүрміз. Бұр роботтар енді жануарлар әлемінің өкілдерін де қайталай алатын болды. Мысалы, инелік роботтар туралы алдыңғы жазбаларымызда айтқан болатынбыз. Бүгінгі жазбамызда робот құмырсқа мен робот көбелектер туралы білетін боласыздар.  

Робототехнологияның дамуын көздеген Festo компаниясы ғаламды өз мүмкіндіктерімен таңғалдырып келеді. Компания Германияда өтетін Hannover Messe ғылыми технологиялар көрмесіне үш туындысын әзірлеген: робот-құмырсқалар, құбылғы (хамелеон) тілінің механизмі бойынша роботталған жүйе және де таңғажайып робот-көбелек. 

Festo компаниясы BionicANT деп аталатын роботталған құмырсқалар кәдімгі құмырсқалардың қызметін атқара алады. Олар жоғары технологиямен жасалған. Олар тек қана құмырсқаның қимыл-қозғалысын ғана қайталамайды. Компания инженерлері құмырсқалардың ұйымшылдығын да робот-құмырсқалардың жадына жүктей алған. Көп болып бірігіп, ауыр жұмыстарды бірге орындайды. 

"Олар өзара байланысқа түседі және де істің мән-жайын бірге анықтап, бір-бірінің қозғалыстарын қадағалап отырады", - дейді компания инженерлері. Әр құмырсқаның ұзындығы 13,5 сантиметрді құрайды. Және де олардың бас бөлігінде екі камера орнатылған. Робот-құмырсқалар қуат көзін 7,2 вольттық екі батареядан алады. Қалай дейсіз ғой? Кәдімгі құмырсқаның мұртына ұқсатып жасалған металл антенна арқылы алады.  

Ендеше, ұйымшыл робот-құмырсқаларды мына видеодан тамашалаңыздар.

Жалғасы

Сурет: 3ders.org