Роботтар арасындағы футбол чемпионаты алғаш рет 1997 жылы өткізілген. Жыл өткен сайын темір футболшылар дамып жатқанымен, олар әзірге футболға толық бейімделе алған жоқ. Бір уақытта бірнеше әрекетті орындау – бүгінгі роботтардың басты проблемасы.
Биылғы RoboCup чемпионатына әлемнің 45 елі қатысып жатыр. Айта кетсек, әлемдік біріншілік үш түрлі категаориямен өткізіледі: кіші, орта және адам бойымен шамалас роботтар чемпионаты. Одан бөлек, бірнеше жыл бұрын онлайн түрде анықталатын бағдарламалар біріншілігі де енгізілген. Дегенмен ол әзірге кең ауқым алған жоқ.
Ойында роботтар қашықтан басқарылатындықтан, ойын ережесі бұзылмайды. Сондықтан чемпионат барысында қызыл немесе сары қағаз көрсетілмейді. Осы сынды көптеген өзгеріс енгізілсе де, футбол біріншілігі айтарлықтай танымалдыққа ие болып отыр. Мысалы, өткен жылы Бразилияда өткен чемпионатты тамашалауға 3 000 көрермен келген болатын.
RoboCup ұйымдастырушылары 2050 жылға қарай әлем чемпионатын жеңіп алған құраманы жүлдесіз қалдыратын роботтар құрамасын жасақтамақ. Он жыл бұрын бұл миссия күрделі көрінген еді. Дегенмен технологияның қарқынды дамуы келесі отыз жылда темір футболшыларды жасақтауға мүмкіндік береді.