- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Пернетақтаға қарамай жазуды...
Пернетақтаға қарамай жазуды үйренудің 5 қағидасы
Міне, сіз қанша жылдардан бері компьютердң пайдаланасыз. Бірақ әлі пернетақтадан көзіңізді алмай жазасыз. Төмендегі 5 қағидаға назар аударыңыз:
Пернетақтаға қарамай жазу үшін:
1. Пернетақтаға қарай бермеңіз. Пернетақтаны пайдаланғанда сіздің көру қабілетіңіз емес, саусақтарыңыз жұмыс істеу керек. Егер саусақтарыңыз әріптердің орнын жаттап алса, ісіңіз тезірек алға басады. Егер әріптердің орнын жаттап алу қиын болса, онда жапсырма қағаздарды пайдалануға кеңес береміз. Алдымен әріптерді ретімен жаттап, үстіне ақ жапсырма қағазды жабыстырып өзіңіз теріп көріңіз. Сонда әріптерге жалтақтамауға үйренесіз, ақ қағаз жабыстырылып тұрса ештеңе көрмейсіз.
2. Қолдарыңызды тура ұстаңыз. Оң қол саусағыңыз - JKL: әріптерінің үстіне орналасса, сол қол саусағыңыз - ASDF әріптерінің үстіне тура келсін (бас бармақ, сұқ саусақты қатар қолданыңыз).
3. Бас бармақ өз ретінде аралық үшін қызмет етеді. Саусақтарыңыздың әрқайсысын ыңғайыңызға қарай әр әріпке орналастырыңыз. Және бұны күнделікті қайталаңыз.
4. Әріптердің орналасу ретін өзіңізді қинап жаттамаңыз. Ең дұрысы, қай саусақ қай әріп үшін қызмет ететінін есте сақтаңыз. Мидың жұмыс істеуі мен саусақтарыңыздың жұмыс істеуін байланыстырыңыз. Көзбен жаттауға тырыспаңыз.
5. Жұмыс істейтін пернетақтаңызды ауыстырып тұрыңыз. Мәселен, сіз тұрақты кириллицамен жұмыс істеп жүрсеңіз, енді кириллица әріпінсіз жұмыс істеңіз. 2 аптада жақсы үйреніп аласыз.
Сурет: widefon.com
Ж. Исакаев