Сіздің білетініңіз біреу-ақ, білмейтініңіз тоқсан тоғыз. Себебі әлем күн сайын жаңарып, күн сайын түрлі жаңалық ашылады. Ал сіз ол жағынан бейхабарсыз. Бірақ алаңдамаңыз, біз сізді ол жаңалықтардан қалыс қалдырмаймыз.
Токио – әлемдегі ең қауіпсіз қала.
Табиғаттың тылсым күші құйын 10 минут ішінде бүкіл жер бетіндегі ядролық қаруды жасауға кеткен ток күшінен мың есе энергия беріп үлгіреді.
Су астында тұншықпай жарысудан әлемдік рекорд – 22 минут 22 секунд.
Сіз мұны білдіңіз бе, шырынды сусынның орнына таза минералды су ішсеңіз ол сіздің тамаққа деген тәбетіңізді құртып, арықтауыңызға көмектеседі.
Ғалымдардың айтуынша егер достық қарым-қатынас 7 жылдан асса ол мәңгілікке ұласады екен.
Ұлудың сыртын бала күніңізде құлағыңызға тақап, су асты дауысын естуге құмартатын ба едіңіз?! Өкінішке орай бұл ешқандай да судың дауысы емес, бұл құлақ ішіндегі қан айналымының дыбысы.
Қарапайым ғана қос ғашықтың бір-бірін сүю кезіндегі үрдісте, олардың бетіндегі 29 немесе 34 бұлшық ет жасушалары қатар жұмыс істейді. Бұл беттің жұқа әрі нәзік болуын қамтамасыз етеді.
«Мектеп» деген сөздің түп атасы гректің «демалыс» деген сөзінен шыққанын білесіз бе?!
Мысықтар өмірінің 70 пайызын ұйқымен өткізеді.
Панда – аю емес. Ол – жанат тұқымына жататын аң.