Өмірлерін қауіп-қатерге тігіп жүретін тәуекелшіл жандардың да өз шыңдары бар. Бірі білер, бірі білмес, олардың өмірде бағындыруы тиіс сегіз сынағы бар. Олар оны Озакидің құрметіне «Озакидің сегіз сынағы» деп атайды. Бұл сынақтар бірінен-бірі өткен, қауіпті әрі құрбандықты да талап етеді. Ендеше бұл сегіздік қандай сынақтар?
Озаки – қауіп-қатерге толы өмірді жақсы көретін және табиғатты қорушы тұлға. Ол жақсылығын осы спорт түрімен жеткізгісі келеді. Әлемдегі экстрималды спорт түрін пайдаланатын спортшылардың алында ол үлкен сегіз сынақ қойды. Сегіз сынақтан өту Табиғат – Анаға деген құрмет деп түсінді. Аталған сегіз сынақтың біреуін өту үшін әрбір экстрималист спортшы бүкіл ғұмырын арнауы керек. Ал аталған сегіздікті бағындыру деген сөз мүмкін еместен мүмкін болатын іс жасау. Бір қызығы осы сынақтарды ұсынған Озакидің өзі тек үшінші сынаққа ғана жеткен және сол кезде мерт болған. Аталған сегіз сынақ рет-ретімен, кезек-кезегімен өту керек. Бұл заңдылық.
1. Күштердің пайда болуы
2. Аспанның пайда болуы
3. Жер – Ананың оянуы
4. Судың қасиеті
5. Желдің қасиеті
6. Мұздың қасиеті
7. Алты өмірдің шебері
8. Соңғы: толыққанды сенім
Бүгінде аталған сегіз сынақтан ешкім өте алмаған. Бұл сегіз сынақтың қалай, қай жерде өтуін тек осы қадамға баруға ниет білдергендер ғана біледі. Құпияға толы Озаки сынағының мәні - табиғатты аялау.