Онлайн-олжа: сіздің жасыңызда кімдер қандай жетістікке жетті?

Дизайнер Дэвид МакКендлесс пен бағдарламашы Том Эванс адамдар неше жасында ғылымда жаңалық жасап, атақты болып, кәсіп бастайтынын анықтап көрген екен. Нәтижесінде Informationisbeautiful. Who old are you атты онлайн-инфографика жасап шығыпты. 

Қолданушы туған күнін енгізіп, өз жасында жетістікке жеткен тұлғалармен қатар тұрады. 

Инфографикада 6 жасында алғашқы композициясын жазған Моцарттан бастап, 75 жасында ОАР-дың алғашқы қара нәсілді президенті атанған Нельсон Манделаға дейін бар. 

Инфографикада бірнеше категория бар: қызғылт түсте тұлғаның мансаптық жетістігі, сұр түсте шығармашылық жетістігі, сарғыш түсте қиындыққа тап болған кезі, жасыл түсте халықаралық атағы, ақшыл көк түсте өзге жетістіктер жазылған.