- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- ОҚО-ның шалғай ауданында...
ОҚО-ның шалғай ауданында электрондық қызмет көрсету үлесі артпақ
Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметтердің сапасын және электрондық түрде көрсетілетін қызметтер үлесін арттыру жөнінде мәжіліс өтті. Мақтарал ауданында өткен жиынға қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық қызмет ұсынушы бөлімдердің басшылары, халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері қатысты. Жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» басқармасының бас маманы, топ жетекшісі Нұржан Сарғалдақов баяндама жасап, жиынға қатысушыларды бірқатар жаңалықтардан хабардар етті. Аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Ерлан Тұрымбетовтің айтуынша, Мақтарал ауданы әкімдігінің дербес бөлімдері, қала, кенттер мен ауылдық округтері әкімдерімен ағымдағы жылдың 6 айында 206 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде қағаз жүзінде әрі тікелей - 182 887 қызмет, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациялары Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы - 11 974 (6%), электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы - 12 016 (6%) қызмет жүзеге асқан. Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен электронды түрде көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру мақсатында қала, кенттер мен ауылдық округтері әкімдерінің, дербес бөлімдердің және мектептердің информатика пәні мұғалімдеріне слайд арқылы электронды цифрлық қолтаңба алу, e.gov.kz порталынан қызметтер алу мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілген. Сонымен қатар, ауылдық округтерде кеңес беру және электронды түрде қызметтерді алу бойынша 24 қала, кент, ауылдық округтері әкімдерінің 48 маманы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында арнайы оқудан өтті.
М. Оңғарова