Барак Обама компьютерлік бағдарлама жазған тұңғыш АҚШ президенті атанды. Ол Вашингтондағы Эйзенхауэр әкімдік ғимаратында өткізілген «Hour of Code» іс-шарасына қатысып, бағдарламалау тілінен дәріс алды.
Обама аталған іс-шараға тек қатысып қана қоймай, экранда шаршыны сызатын қарапайым “Hello world?” бағдарламасын жасаған. Бағдарламалау мен информатиканың үрдіс алып келетіндігінен, Обама компьютер мен технологияның дамуы елдің де дамуына алып келетінін алға тартады. Сондықтан казірден әрбір адам қалай код жазу керек екенін білуі тиіс екенін және өзінің де үйренуге құлшынысы оянғанын айтады.
Информатика қазіргі кезде көп талапты қажет ететін болса да, АҚШ президенті бағдарламалау тілімен бұрын-соңды айналысып көрмеген екен. Сондықтан президенттің жазған алғашқы бағдарламасы «Обама шаршысы» деп аталды.
Hour of Code қоғамдық іс-шарасын code.org ұйымы қазіргі жастардың кодтауға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырып келеді. Әрі пайдалы, әрі қызық өтетін іс-шарада ұйымдастырушылар қарапайым алгоритмдерді үйрену және мектеп оқушыларына арналған бағдарлама сабақтарын өткізеді.
Сурет: www.washingtontimes.com