- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Ноутбук жұмысын жылдамдату:...
Ноутбук жұмысын жылдамдату: Windows 7, 8, 8.1
Ноутбук қолданушыларының жартысынан көбі жұмыс жылдамдығына көңілі толмайтынын айтып шығамданады. Windows 7, 8, 8.1 бағдарламаларына арналған ноутбук жұмысын жылдамдататын мына кеңестерді қолданып көріңіздер.
Өткен жазбамызда «Автозагрузка» жасаудың бір нұсқасын берген tl3r. Оны жаңа бағдарламаларда былай жасауға болады:
Win+R батырмаларын қатар басамыз, пайда болған терезеге «msconfig» сөзін жазып, «Автозагрузка» терезесінен қажетсіз бағдарламалардағы жалаушаларды алып тастаймыз. Ноутбукты қайта жүктегенде, жылдамырақ жұмыс істеуі керек.
Одан соң мына тәсілді қолданып көріңіз:
«Панель управления» қызметіне кіреміз, іздеу жолына «Быстродействие» сөзін енгіземіз, «Система» бөлімінен «Настройка представления и производительности системы» парағын ашамыз.
«Визуальные эффекты» парақшасынан «Обеспечить наилучшее быстродействие» режимін іске қосамыз.
Қатқыл дискідегі артық файлдар да ноутбук жұмысын баяулатуға әсер етеді. Жиі бақылап, қажетсіздерінен арылып отырыңыз. Сонымен бірге, «жұмыс үстелін» де жиі тазалап отыруды әдетке айналдырған жөн. Жұмыс үстелінде «Мой компьютер», «Корзина», бір браузер бетбелгісі және бір папка тұрса жеткілікті. Соңғы аталған папкаға жұмыс үстеліндегі барлық файлды жинақтап қойсаңыз, ноутбук жұмысы жеңілдейтін болады.
@. @assel_assanova