Festo компаниясы инженерлерінің бір санатыробот-жануарлар жасаумен шұғылданады. Олар бұған дейін робот-көбелек, құмырсқа, медуза, кеңгіру, шағала, өрмекші, тіпті пингвин жасап шығарды. Барлық робот-жануарлар табиғи ағза динамикасын игерген шынайы кескінге ие. Ал жақында компания ұшпа роботүлкі жобасын көрсетті. Бионикалық роботты жасаушылар оны интеллектуал кинематикаға ие, ультражеңіл ұшатын нысан деп сипаттайды. Нысан ұзындығы87 сантиметр, қанатының құлашы228 сантиметр, ал салмағы580 грамм. Ұшпа түлкілерсубтропиктік, тропиктік аймақтарда ғана мекендейтін әлемдегі ең үлкен жарқанаттардың бірі. Олардың иіс сезу және көру қабілеттері мықты дамыған. Инженерлер ұшпа түлкілердің қозғалысы мен сыртқы бейнесін дәл келтіріп жасау үшін ауа өткізбейтін қабықша мен трикотаж теріден тұратын жұқа, жеп-жеңіл мембрана жасаған. Ол қанаттардың беріктігін сақтап тұрады. Ұшпа роботүлкінің инновациялық қолданысқа түсу-түспеуі әлі белгісіз. Робот әзірге тек жарқанаттың бионикалық үлгісі ретінде жасалды.