Швед инженерлері науқастың сүйегіне ыңғайластырылып, оның жүйке жүйесімен байланыстырылатын автоматтанған қол жасап шығарды. Бұл адамның сана арқылы табиғи болмаған қосалқы қолын басқару мүмкіндігін беретінін білдіреді.
Осыған дейін аталған медициналық технологияның бірнеше аналогтары жасалынған болатын. Дегенмен, олар қол мен адам сүйегінің қосылған нүктелеріндегі электродтардың көмегімен тәуелсіз қозғалысқа қол жеткізе алатын болған. Ал Чалмерс Техникалық Университетінің мамандары адамның биобасқару жүйесімен жасанды қолдың толық әрі нақты басқару мүмкіндігімен қамтамасыз ететін остеоинтеграциялық жүйені ұсынып отыр.
«Нәтижеде, адамның денесі мен механика, яғни биология мен мехатрониканы біріктіре аламыз», дейді Гетеборг қаласындағы (Швеция) Чалмерс Университетітің зертеуші маманы Макс Ортис.
Өткен жылдың басында он жыл бұрын қолынан айырылып қалған швециялық көлік жүргізушісіне хирургиялық жолмен жасанды қол салынған болатын. Ал қазіргі кезде ол табиғи болмаған қолын тәуелсіз санамен басқарып, қарапайым қимыл-әрекеттерді орындап жүр.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Z3uE4bRSkMc","width":"450","height":"350"});
Ендігі мәселе кері байланыс болып отыр. Нақтырақ айтар болсақ, ғалымдар жасанды қолдан миға сигналдардың баруын дамытып, табиғи рефлексті қалыптастыру үстінде.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/BgENg8qmzkY#t","width":"450","height":"350"});
Естерңізіге сала кетейік, 2016 жылы Швейцарияда алғаш рет киборг-адамдар арасында Олимпиада өткізіледі.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: hi-news.ru