Мектеп жаңалығы: жеуге болатын қалам

Мектеп жаңалығы: жеуге болатын қалам

Сабақ уақытында қаламының басын кеміріп отыратын оқушылар аз емес. Дәл осындай балаларға арнап дизайнерлер жаңа қалам ойлап тапқан екен. Ол қаламды жеуге болады!


Дизайнерлер ойлап тапқан қаламның жартысы жеуге болатын мия печеньесінен жасалған. Сабақ өтіп жатқанда осы печеньені жеп отыруға болады. Ал қаламның екінші басы сабақ оқуға қолданатын кәдімгі қарындаш.

Осындай тағамға ұқсас екінші бір оқу құралы – қаламсауыт. Бірақ оның сырт пішіні құймаққа ұқсағанмен, жеуге жарамайды. Бұл қаламсауыттың бауының беріктігіне ішіне оқушыға керек деген он шақты оқу құралын салып, көз жеткізуге болады. Тіпті, оған ерінге арналған бальзам, флешка, үйдің кілті сияқты сабаққа қажет емес заттарды да салуға болады. 

Дайындаған: Айжан Бекболат

Сурет: bibo.kz, novate.ru

Y. Smaghul