Электронды пошта арқылы біз тек хат алмасуды ғана білеміз. Оның қызметі анағұрлым қиынырақ екенін ескере бермейміз. Дегенмен кейде жұмысты жеделдету үшін тышқанның батырмаларынан гөрі пернетақта арқылы жұмыс жасаған ыңғайлы. Халық арасында "ыстық батырмалар" деп аталатын бұл қызмет түрі тышқансыз жұмыс жасайтындар үшін арнайы жасақталған. Уақытыңызды үнемдеп қана қоймай, жұмыстың жылдам жүзеге асу мүмкіндігін күшейтеді.
Gmail электронды поштасының да өзіне тән ыстық батырмалары бар. Жұмысқа кіріспес бұрын, «Жүйеге келтіру» бөліміне өтіңіз. Жаңадан ашылған парақшадан «Жылдам пернелер» бөлігін таңдап, оны іске қосыңыз.
Gmail-да қазақ тілі жоқ болғандықтан, нұсқаулық орыс тілінде жасалды.
Осыдан кейін жұмысыңызды жылдам батырмалардың көмегіне сүйеніп атқара аласыз.
• gi — «Кіріс жәшігі»(Входящие) папкасын ашу
• gs — Жұлдызшалар арқылы белгіленген хабарламаны қарау
• ga — «Барлық пошта»(Вся почта) папкасын ашу
• gc —«Байланыстар»( Контакты) папкасын ашу.
• / — Іздеу жүйесін іске қосу
• j — Келесі хатқа өту
• k — Алдыңғы хатқа қайта оралу
• x — Белгіленген хатқа қанатшаны орнату
• s — Жұлдызша белгісін қою
• # — Хабарламаны өшіру
• e — Хабарламаны мұрағатқа сақтау
• ! — Хатты спам ретінде белгілеу
• Enter — Белгіленген хатты ашу
Іске сәт!