Facebook әлеуметтік желісінің негізін салушы Марк Цукерберг 2009 жылдан бастап бір жыл бойы орындауға тиіс болатын уәдені өзіне-өзі беріп келеді. Мысалы, ол уәде арқылы қытайдың оңтүстік диалектін үйреніп алған. Оған қоса Марктің тек өзі өлтірген жануардың етін ғана азық етемін деген уәдесі де болыпты. Ал 2015 жылы Марк Цукерберг кітап оқырмандарының клубын құрып, алдағы бір жылын тек кітап оқуға бағыттайтынын хабарлады. Америкалық миллиардер ағымдағы жылдың соңына дейін әр екі аптада бір кітапты тәмамдау талабын қойған.
"Мен өз мақсатыма нық сеніммен қараймын. Кітап оқу таза интеллектуалды әл-ауқаттың көтерілуін қамтамасыз етеді. Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары секілді ағыммен жүруден арылу үшін кітапқа тереңінен үңілу керек. Келесі аптадан өзімнің медиа-диетамды бастаймын. Еріктілер болса менімен жыл бойы бірге болсын", - дейді Цукерберг.
Сонымен қатар, Марк мәдениет, сенім, тарих және технологиямен байланысты кітаптарды оқитынын да айтып өтті. Марктың жылдық уәдесі ретінде кітап оқуды таңдауына оның желідегі 50 мың досы қолдау білдірген. Марктің бірінші оқитын кітабы венесуэлалық жазушы әрі журналист Моизес Наимнің "Биліктің соңы" атты туындысы болмақ. Сондай-ақ, Марк әлеуметтік желіде "Жыл кітабы" деп аталатын оқырмандар клубын ашқан. Мұнда жас миллиардер өзінің кезекті оқитын кітаптарының тізімін жариялайтын болады.
Әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға қол ұшын созу Марктің жылдық уәдесіне үміткер болған ұсыныстардың бірі еді. Ендеше америкалық жас бағдарламашы қайырымдылық жұмыстарында да белсенділік танытуға уәде берді.
Сурет: russian.rt.com