"Қызыл түйме" қаупі: Кімде қанша ядролық қару бар?

Адамзат алғаш рет ядролық қаруды қолданудың салдарын 1945 жылы АҚШ Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына атом бомбасын тастағанда білді. Сонда бұл екі қала толығымен жойылып, 100 мыңдаған (ресми дерек 146 мың) адам өлді. Атом бомбасының сәулеленуінен аман қалғандар денсаулығынан айрылды.

Кейін Жапонияның екі қаласы да қайта салынды. Бүгінде оларда миллиондаған адамдар тұрады. Бірақ ядролық жарылыс орнында пайда болған радиациялық сәулелер әлі де адам денсаулығына зиянын тигізуде.

Хиросима мен Нагасакиге атом бомбалары тасталғанда мұндай қару тек АҚШ-та болған. Кейінірек, ХХ ғасырдың аяғына қарай бірнеше басқа мемлекеттер атом бомбаларын жасады. Бүгінде осы қарулардың кесірінен адамзат болашағына үлкен қауіп төніп тұр.

© adbra.ru

Атом бомбасының тарихы

Атом бомбасын алғаш рет 1943-1944 жылдары Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілген неміс ғалымдары жасаған. Соғыс кезінде КСРО мен одақтас әскерлер екі жақтан неміс әскерлерін қыса бастағанда, немістер "қорқынышты қару" жасау жобасын аяқтай алмады.

Содан кейін жоба деректерін АҚШ барлауы ұрлайды және Америкада алғашқы ядролық қару жасалады.

1945 жылы АҚШ Әскери-әуе күштері Жапонияның соғыстан қираған Хиросима мен Нагасаки қалаларына атом бомбаларын тастап, осылайша алғашқы сынақты жүргізді. Жарылыс салдарынан екі қалада да 100 000 адам қаза тауып, тірі қалғандары мүгедек болып, ұзақ өмір сүре алмады.

Содан кейін КСРО әлемдегі басты бәсекелесінен қалысқысы келмей, шетелде жұмыс істейтін өзінің барлаушыларының көмегімен АҚШ-тан ядролық қару жобасын сатып алды. 1949 жылы бұл елде алғашқы ядролық сынақ жүргізілді.

Кейіннен Қытайдағы ядролық қаруды жасауға КСРО мамандары тартылды. Осылайша Франция, Ұлыбритания, Үндістан, Пәкістан және Солтүстік Кореяның өздерінің ядролық қарулары болды. Сондай-ақ Иран мен Израильде ядролық қару бар деген ақпарат бар. Осылайша, ХХ ғасырдың соңына қарай 10 мемлекет ядролық қаруға ие болды.

© dixinews.ru

Иран

Иранда ядролық қарудың бар екендігі туралы нақты ақпарат жоқ. Иранның өзі оның бар екенін жоққа шығарады. Батыс елдері Иран ядролық қаруын сынап көрді және оны әлемдік қауымдастықтан жасырып отыр деп мәлімдейді.

Иран – ядролық қарудың негізгі отыны болып табылатын уранға бай ел. Иран басшылығы елдің басты жоспары ядролық қару жасау емес, ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану екенін алға тартады.

Батыс елдерінің Иранның ядролық қаруы бар деп күдіктенуінің басты себебі – оның ядролық сынақ полигондары, зертханалары, уран байыту зауыттары және ядролық физика бойынша мықты мамандары бар. Сондықтан Иранда ядролық қаруды оңай жасау үшін барлық жағдай жасалған.

© ren.tv

2020 жылдың 27 қарашасында Израиль және Батыс арнайы қызметтері жасанды сананың көмегімен "Иран бомбасының әкесі" деп сипаттаған физик Мохсен Фахризадены Тегеранда өлтірді. Ол бастаған физиктер Иранда ядролық қару жасап үлгерген делінеді.

© zn.ua

Солтүстік Корея

Ресми түрде "Корей Халық Демократиялық Республикасы" деп аталған Солтүстік Кореяда 30-дан 60-қа дейін қару бар.

Ел алғашқы ядролық сынақты 2006 жылы және соңғысын 2018 жылы өткізді (2021 жылы сынақтан тағы бір бомба өткен деген дерек бар, бірақ ресми емес).

Солтүстік Корея ядролық қару жасау жұмысын 1970 жылдары бастады. Сол кезде елді басқарған Ким Ир Сен КСРО мен Қытайдан ядролық қару жасауда көмек сұрады. Бірақ олар бұл өтінішті елемейді. Осыдан кейін Солтүстік Корея өз бетінше ядролық қару жасау жұмыстарын бастайды. Бірақ 1991 жылы оның ең жақын одақтасы КСРО-ның ыдырауы жағдайды кейінге қалдырды.

Ақырында, 2006 жылы Солтүстік Корея өзінің алғашқы ядролық сынақтарын сәтті аяқтағанын ресми түрде жариялады. Түрлі ақпарат көздеріне сүйенсек, Солтүстік Кореяда бүгінде 10-нан 60-қа дейін ядролық қару бар. КХДР сыртқы әлеммен ғана емес, халықаралық ұйымдармен де ынтымақтастығы жоқ болғандықтан, қанша ядролық қаруы бар екені белгісіз.

© warhead.su

Израиль

Таяу Шығыста орналасқан Израильдің 80-90 қаруы бар, бірінші және соңғы ядролық сынақ 1979 жылы өткізілген. 

Израиль ешқашан ядролық қаруы бар екенін айтқан емес. Бұл елде ядролық зерттеулер 1950 жылдары басталғанымен, елдің ядролық қаруын өзі жасағаны немесе жақын одақтасы Америка Құрама Штаттарының бергені белгісіз.

Сарапшылардың көпшілігі АҚШ Израильге ядролық қару берді дейді. Олардың пікірінше, территориясы өте шағын Израильде ядролық қаруды сынау мүмкін емес. Сонымен қатар, ел басшылығы өз азаматтарының денсаулығына қауіп төндіруі екіталай.

1979 жылы Оңтүстік Атлантикада бірнеше күдікті ядролық сынақтар жүргізілген және оларды Израиль немесе Оңтүстік Африка жасаған болуы мүмкін. Израиль Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қоюдан бас тартты. Бұл да елдің ядролық қаруы бар екендігінің дәлелі ретінде қарастырылады.

© ussian.rt.com

Үндістан

Үндістанда 120-150 қару бар болуы мүмкін. Елдегі алғашқы ядролық сынақ 1974 жылы, ал соңғысы 1998 жылы жасалған.

Үндістан 1974 жылы алғашқы ядролық сынақтарын сәтті өткізгенімен, ядролық қаруы бар екенін ХХ ғасырдың аяғында ғана ашық мойындады.

1998 жылы үш ядролық сынақ өткізген Үндістан содан бері бұдан былай сынақтар өткізбеу туралы шешімін жариялады.

1947 жылы Ұлыбритания билігінен тәуелсіздің алған Үндістан мен Пәкістан арасында жер даулары туды. Сондықтан екі ел де өз ядролық қаруына ие болуға тырыса бастады. Осыдан кейін алдымен Үндістан, сосын Пәкістан өзінің ядролық қаруын жасады.

© masterok.livejournal.com

Пәкістан

Пәкістанда 130-160 қару бар. Ел алғашқы ядролық сынақты және соңғысын 1998 жылы өткізді.

Үндістан 1974 жылы ядролық сынақты сәтті өткізгеннен бері Үндістанмен жер дауына тап болған Пәкістан да зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Пәкістанның сол кездегі премьер-министрі Зулфикар Али Бхутто:

"Егер Үндістан ядролық қаруды сәтті сынаса, аштан өлсек те өз ядролық қаруымызды жасаймыз" деген болатын.

Зульфикар Бхуттоның айтуынша, Пәкістан сынақтарын сәтті өткізіп, өзінің ядролық қаруына ие болды. Осылайша Пәкістан ядролық қаруы бар әлемдегі санаулы елдердің біріне айналды.

© Reuters

2021 жылдың қазан айында Пәкістанда ядролық қару жасауды басқарған физик Абдул Қадир Хан коронавирустан қайтыс болды. Сондай-ақ бұл адамға ядролық қару бағдарламаларын Солтүстік Корея мен Иранға жасырын сатты деген айып тағылды.

© tomic-energy.ru

Ұлыбритания

Ұлыбританияда 200 қару бар деп айтылады. Мемлекет өзінің алғашқы ядролық сынақтарын 1952 жылы, ал соңғысын 1991 жылы өткізді.

Ядролық қаруы бар бес елдің бірі болғанымен, Ұлыбритания өз аумағында ядролық сынақтар өткізген емес. Барлық сынақтар Аустралия аралдары мен Тынық мұхитында жүргізілді. 1991 жылы Ұлыбритания ядролық сынақтарды жүргізуді тоқтатты.

© nkibrics.ru

Қытай

Қытайда 320 атом бомбасы бар. Қытай алғашқы ядролық сынақты 1964 жылы, соңғысын 1996 жылы өткізді.

Қытайдың ядролық қаруға ие болуына КСРО-ның көрсеткен көмегі зор болды. Кеңес Одағы елді ядролық қарумен тікелей қамтамасыз еткен жоқ. Бірақ ол ядролық зерттеулерге арналған зертханалар құруға, уран байыту зауыты мен полигонын салуға және ядролық қаруды жасаумен айналысатын физиктерді дайындауға көмектесті.

Қытай – ядролық қаруы жоқ мемлекеттерге шабуыл жасамауға және ядролық қарумен қорқытпауға шешім қабылдаған әлемдегі жалғыз мемлекет.

© russiancouncil.ru

Франция

Францияда 280-300 атом бомбасы бар делінеді. Мемлекет өзінің алғашқы ядролық сынақтарын 1960 жылы және соңғысын 1995 жылы өткізді.

Франция 1960 жылы алғашқы ядролық қаруын сәтті сынады. Содан бері 1995 жылға дейін мемлекет жалпы саны 200-ден астам ядролық сынақ жүргізді.

Франция, Ұлыбритания сияқты, елдің сүңгуір қайықтарында өзінің ядролық қару сынақтарын өткізді. Алғашқы сынақтар француз отары болған Алжирде жүргізілді. Солтүстік Африкадағы бұл ел тәуелсіздік алғаннан кейін Франция Тынық мұхитындағы Француз Полинезия аралдарында ядролық сынақтарын жалғастырды. Франция 1990 жылдары Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды.

© russian.rt.com

АҚШ

АҚШ-та 5800 қару бар делінеді. Бірақ 2020 жылдың 30 қыркүйегінде АҚШ Мемлекеттік департаменті елде 3750 белсенді және белсенді емес ядролық қару бар екенін жариялады.

Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) мәліметтері бойынша, 2021 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша Америка Құрама Штаттарында 5550 ядролық атом бомбасы бар.

Бұл елде алғашқы ядролық сынақ 1945 жылы, ал соңғысы 1992 жылы жасалған.

АҚШ әскерге қаржы бөлу жағынан әлемде бірінші орында. Кейінгі жылдары мемлекет әскери шығындарға орта есеппен жылына шамамен 700 миллиард доллар жұмсайды.

Сондай-ақ АҚШ жауынгерлік ядролық оқтұмсықтар мен ядролық сынақтар саны бойынша әлемде бірінші орында. Осы уақытқа дейін АҚШ 66,5 мың түрлі ядролық қарудың 100-ден астам түрін жасап шығарды.

АҚШ-тың негізгі ядролық оғы әскери сүңгуір қайықтарға орнатылған. Америка Құрама Штаттары да 2017 жылы Ядролық қаруды таратпау туралы жаңа келісімге қосылмады.

© regnum.ru

Ресей

Ресейде 6400 атом бомбасы бар делінеді. Мемлекет өзінің алғашқы ядролық сынақтарын 1949 жылы және соңғысын 1990 жылы өткізді. Ресей КСРО ыдырағаннан кейін ядролық қаруды сынады деген мәлімет жоқ.

Әлемдегі №1 ядролық держава – КСРО ыдырағаннан кейін Ресей бұрынғы одақтас республикалардың аумағынан ядролық қаруды алды. КСРО-ның ядролық қаруының бір бөлігі Қазақстанда, Украинада және Белоруссияда болды. Қазақстан мен Беларусь оларды Ресейге берді. Бірақ Украина өз қауіпсіздігі үшін оларды 1994 жылға дейін Ресейге бермеді.

1994 жылы Венгрияның Будапешт қаласында АҚШ, Ұлыбритания, Ресей және Украина халықаралық меморандумға қол қойды. Меморандумға сәйкес, Ресей өзге елдің аумақтық тұтастығын құрметтей отырып, Украинаның жеріне шабуыл жасамауға кепілдік берді. Бұл меморандум "Будапешт меморандумы" деп аталады.

Ресей ядролық қарудың саны бойынша әлемде бірінші орында болғанымен, соғысқа жарамды ядролық бомба саны бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында тұр.

Тағы бір мәлімет бойынша Ресейде 5997 қару бар. Тек оның кәдеге жаратуға жататыны 1500-ге жуық оқтұмсықты қамтиды.

Қалған шамамен 4500-дің көпшілігі стратегиялық ядролық қару болып саналады, яғни ядролық оқтұмсықты алыс қашықтыққа жеткізе алатын баллистикалық зымырандар. Дәл осы қарулар ядролық соғыс қаруы болып саналады.

Ядролық қару қаншалықты жойқын күшге ие?

Ядролық қарудың негізгі міндеті – максималды зиян келтіру. Ядролық қарудың күші бірқатар факторларға байланысты.

Дегенмен, ең кішкентай атом бомбасының өзі көптеген адам өмірін жалмауға және ұзақ мерзімді жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін.

Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуаты "бар болғаны" 15 килотонна болды, бірақ 146 000 адам қаза тапты.

Заманауи ядролық оқтұмсықтың қуаты мың килотоннан асуы мүмкін.

Мұндай бомбаның жарылуының тікелей аймағында іс жүзінде ештеңе қалмайды.

Қуатты жарылыстан кейін алып от шары (техникалық тұрғыдан өте қарқынды жарық шығару) және соққы толқыны пайда болады, салдарынан бірнеше километр радиуста барлық ғимараттар қирайды.

Нақты ақпарат бар ма?

Бүгінде ядролық қаруы бар елдерде қанша атом бомбасы бар екені туралы нақты деректер жоқ. Әртүрлі дереккөздерде олар әртүрлі беріледі. Жоғарыда келтірілген ақпарат солардан жинақталған.

2020 жылдың қазан айында АҚШ Мемлекеттік департаменті 5 жылда алғаш рет елде қанша ядролық қару бар екендігі туралы деректерді жариялады (бұл ақпаратты жариялауға бұрынғы президент Дональд Трамп кезінде тыйым салынған).

Оның айтуынша, 2020 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша АҚШ-та 3750 белсенді және белсенді емес ядролық қару бар. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 55-ке, 2017 жылмен салыстырғанда 72-ге аз.

"Бұл АҚШ-тың 1967 жылы бұрынғы Кеңес Одағымен қырғи-қабақ соғыстың шарықтау шегіне жеткеннен бергі ең төменгі деңгейі", - делінген хабарламада. Ол кезде АҚШ-та 31 мыңнан астам ядролық қару болған.

Сондай-ақ, тағы бір беделді зерттеу орталығы Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) деректері АҚШ Мемлекеттік департаменті ұсынған цифрлардан ерекшеленеді. Атап айтқанда, институттың мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарында АҚШ-та 5550, Ресейде 6255, Қытайда 350, Ұлыбританияда 225, Францияда 290 атом бомбасы болған. Бұл статистикаға пайдалануға жарамсыз бомбалар да кіреді.

Сондай-ақ институт "ядролық одаққа" кірмейтін Үндістан, Пәкістан, Израиль және Солтүстік Кореяда барлығы 460 ядролық қару бар екенін хабарлады.